Қазақстандық түрмелерде теология пайда болды
Сотталғандар арасында теологиялық және реабилитациялық жұмыстарды ұйымдастырудағы мақсат - діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуды күшейту
Қазақстан түрмелерінде "арнайы контингентпен айықтыру және теологиялық жұмыстарды жүргізетін" штаттағы маман қызметі енгізілді, деп хабарлады қылмыстық атқару жүйесі комитетіне (ҚАЖК) сілтеме жасаған ҚазАқпарат.
ҚАЖК баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, теология маманы түрмелердегі діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында енгізілген. "Діни экстремизммен және терроризммен күрес мәселесі қазір бір мемлекет үшін ғана өзекті болып отырған жоқ. Қазақстан түрмелерінде экстремистік және террористік қылмыстарға қатысты 500-ден астам тұтқын жазасын өтеп жатыр" деді ҚАЖК.
Комитет жаңа мамандар дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, мұсылмандар діни басқармасы мен жергілікті атқарушы органдар және үкіметтік емес ұйымдардың бірлесе жұмыс істеуін үйлестіретінін айтады.
Комитет ақпаратына қарағанда, ең алдымен сотталғандарға дәстүрлі діни ұстанымды және экстремистік, террористік идеялардың қоғамға қаупін түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізілмек.