Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Астанада WSEC-2017 Дүниежүзілік конгресі ашылды

ЭКСПО-2017 көрмесінің аясында өткізілген WSEC Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар конгресі тек Қазақстандағы емес, Орта Азиядағы да алғашқы конгресс болып табылады

ЭКСПО-ның іскерлік бағдарламасы аясында Астанада «Болашақтың энергиясы: инновациялық сценарийлер және оларды жүзеге асырудың әдістері» тақырыбымен (WSEC-2017) инженерлер мен ғалымдардың Дүниежүзілік Конгресі өуде. Форумға әлемнің 51 мемлекетінен келген 1000-нан астам қатысушы келді,деп хабарлайды "Казахстан-2050".

WSEC-2017 инженерлер мен ғалымдардың Дүниежүзілік Конгресі Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ Орталық Азияда да алғаш рет өтуде. Форумның екі күнінде

300-ден астам баяндама, 80-нен астам ғылымы таныстырылым, макеттер мен түрлі инновациялық жобалардың видеоматериалдары таныстырылады және үш «дөңгелек үстел» мен  көптеген пікір-таластар өткізіледі.

Форумның жұмысы төрт бөлімнен тұрады: 2050 жылға дейінгі әлем энергетикасының болашағы мен сценарийі; энергетикалық триллема теңгерімі: қауіпсіздік, қолжетімділік пен экологиялық тұрақтылық; әлемдік энергоресурстардың даму тренды; ғылыми кадрлық қамтамасыз ету.

Жетекші спикерлер Нобель сыйлығының төрт лауреаты, жетекші ғалымдар мен белгілі сарапшылар, әлемнің ірі энергетикалық компанияларының басшылары.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан -2050» стратегиясында XXI ғасырдың жаһандық сын тегеуріндерін атап көрсетті, олардың ішінде жаһандық энергетикалық қауіпсіздік және үшінші индустриалды революция бар. Дүниежүзілік Конгресс осы мәселелерді қарастыру үшін өткізілуде. WSEC ғалымдар мен инженерлер үшін кәсіби пікір-талас алаңы ғана болып қоймайды, сонымен қатар, энергетиканың шексіз мүмкіндіктерін ЭКСПО аясында ашық көрсетеді.

 

Следующая →