Қант бағасы тағы қымбаттуы мүмкін
Шығыс Қазақстанда қант бағасы тағы қымбаттайды деп күтілуде. Әзірге қордағы қант сатылып жатқандықтан, жаппай баға көтерілгені байқалмайды
Дүкен сатушыларының сөзіне сүйенсек, алдағы уақытта қант бағасы 30-40 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.
- Қанттың толайым бағасы көтеріліп кетті, - дейді қала дүкендерінің біріндегі сатушы. - Жақында ғана келісін 225 теңгеден сатып алған едік, өткен аптада қант компаниясы бағаның 265 теңгеге көтерілгенін хабарлады. Яғни, қанттың дүкендегі бағасы да сәйкесінше қымбаттайтын болады.
Алдын ала болжам бойынша қант бағасы 340 теңгеге дейін шарықтауы ғажап емес. Өйткені өткен жылы да осындай жейделердің пісіп, тосап қайнатар мезігілде баға негізсіз көтеріліп кеткен болатын. Сол үшін, тіпті, қант компанияларына айып салыған.
Кейбір компаниялар өнімді жоғары бағада сатып жіберу үшін түрлі амалдар тауып жатса, кейбіреулері уақытша қантсыз отыр.
- Екі апта болды зауыт қант тасымалдамай жатыр, - дейді «Антоненко» ЖК бас есепшісі Ольга Ковшова. - Ортаазиялық қант корпорациясында қант құрағы болмаған, шикізат енді жеткізілгендіктен корпорация оны өңдеуді бастамақ. Яғни, 68 тонналық қант вагоны бізге екі аптадан кейін ғана жетеді. Жалпы, жаз мезгіліндегі жиделер маусымында аптасына үш вагон қант сатамыз. Зауыт қантты біздің қажеттіліктерімізге қарай жіберіп отырса, жағдай бірқалыпты болар еді. Қандай болмасын біздің баға зауыттың бағасына тәуелді.
Жергілікті компаниялар қант тасымалын күтіп отырғанда, жеке кәсіпкерлер қантты Ресейден жеткізуде. Оның бағасы да қазақстандық бағадан қымбат. Мәселен, толайым сатып алу бағасы – 40 рубль немесе 238 теңге.
Следующая →

Тақырыптар:
Қант бағасы тағы қымбаттуы мүмкін