Өскемен
облачно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    -8°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -9°
  • Актау
    +4°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -12°
  • Көкшетау
    -4°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -15°
  • Петропавловск
    -4°
  • Тараз
    -7°
  • Туркестан
    -8°
  • Шымкент
    -7°
$
523.86
544.34
¥
71.77
5.11
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Жол жөндеу жұмыстары белсенді жүріп жатыр

Қазіргі таңда қаламыздың 18 учаскесінде жол жөндеу жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Тіпті алты учаскедегі жөндеу жұмыстары толыққанды аяқталып қойды

Облыс әкімі Даниал Ахметов бұл жұмыстардың барлығына көз жеткізген болатын. 

Жолдың сапасы бір бөлек әңгіме. Ал жыл сайын көбейіп келе жатқан көлік саны жолдын сапасы мен оның тығыздығын қатар ойландырады. Бірнеше жыл бұрын ғана жоқ болып көрінген көлік кептелістері қазір жұрттың жүйкесін түртпектейтін болған.

ЖМК өңірі қазір күн санап кеңейіп келеді. Жаңа үйлер қолданысқа беріліп, қаланың басына көшіп жатқандар жиілеп барады. Сол сияқты, бұл өңірмен қатар орналасқан Ахмер ауылында да өрге домалағандай Семей бағытына қарай салынып жатқан үйлер артуда. Бұл Сәтпаев даңғылы мен Понтон көпірінен аса берістегі Тоғас тас жолындағы кептелісті үдетуде. Дегенмен, бұл мәселенің шешімі де ағымдағы жылы табылмақ. Бұл туралы қала әкімі Қуат Тұмабаев баспсөз мәжілісі барысында баян етті.

- Қаламыздағы жол желісінің өтпелі қабілетін және көлік ағымын жылдамдату үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, - дейді Қуат Мұхитұлы. - Жібек жолы көшесінен Карл Маркс даңғылына дейін Сәтпаев даңғылын қайта құру жобасы дайын. Бұл жердегі өтпелі жол төрт жолақтан алты жолаққа дейін кеңейтіледі.

Сонымен қатар, Ертіс өзеніндегі көпірден Ахмер ауылына дейінгі жолды төрт жолақты ету жоспарланған. Қала әкімінің айтуынша бұл жобаның құны 1 млрд 284 миллионға бағаланған. Құрылыс жұмыстарының нормативті мерзімі 19 айды құрайды. 
Следующая →