Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Өскеменде саяжай аумақтарының тұрғындары сусыз, жарықсыз отыр

Өскемен қаласының маңайында орналасқан саяжай аумағының тұрғындары осымен бірнеше жыл қатарынан не жарықсыз, не сусыз күн көріп келеді

Әкімдіктің табалдырығын тоздырудан шаршаған қала тұрғындарының шағымын қала басшылығы да ескермей келеді.

Облыстық қоғамдық кеңес жанындағы саяжай аумағы бірлестіктері мәселесі жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы барысында аталған мәселе басты назарға алынды. Құзырлы органдарға шағымданудан шаршаған саяжай тұрғындары да отырысқа қатысып, ішкі жанайқайымен бөлісті.

– Біз осымен жетінші жыл қатарынан сусыз, жарықсыз күн көріп келеміз. Елдер суды флягамен тасиды. Ал жолымызды жол еп атаудың өзі мүмкін емес. Себебі көктем, күз мезгілдерінде езілген балшықтан жүру мүмкін емес, – деп «Звездный» саяжай аумағының тұрғыны наразылығын білдірді.

Бір қызығы отырысқа Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ержан Қоңырбаев, қала әкімінің кеңесшісі Мұрат Оразалин, ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Асет Курымбаев, Саяжай аумағы бірлестігінің төрайымы Лидия Зуева қатысуы керек болған. Алайда жоғарыда аталған атқамінерлердің ешқайсысы қарасын көрсетпеді.

– Біріншіден барлық саяжай аумақтары бойынша сараптама жүргізіп, тіркелген тұрғындардың есебін жүргізіп, бос жатқан аумақтарды анықтау қажет. Бұл орайда «Нұр Отан» партиясы Өскемен қаласы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Майраш Екібасованың ұсынысымен үлкен жұмыс тобы құрылып, ол топқа барлық мемлекеттік органдар мен мәслихат депутаттары кіргеннен кейін ғана, саяжай аумақтарын су және жарықпен қамтамасыз ету бойынша шешім қабылдауға болады, – деді облыстық мәслихат депутаты Олег Чернышов.

Отырыс шешімі бойынша қоғамдық кеңес белсенділері ҚР Конституциясына сай саяжай тұрғындарының құқығын қорғау мақсатында саяжай аумағына тиісті заң қабылдау үшін Парламентке ұсыныс жолдамақ.

Следующая →