Қазақстанды қылмыстардың ашылуы жақсарған
Ағымдағы жылғы 5 ай ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуы жақсарған, бұл туралы Қоғамдық кеңес отырысы барысында ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді
ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың сөзін «Қазақстан-2050» мемлекеттік бағдарламасы хабарлап отыр.
"Ішкі істер органдары ұйымдасқан қылмыспен мақсатты бағытталған күрес жүргізуде, қылмыстарды ашу, есірткі бизнесіне, экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдануда, ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» принципін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыс жүргізілуде, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде құқықтық тәртіпті және заңдылықты қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, көші-қон жағдайларын бақылау, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметінің басқа да негізгі бағыттары бойынша шаралар қабылдануда", - деп мәлімдеді министр.
Оның айтуынша, ағымдағы жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша денсаулыққа ауыр зиян келтіру, қарақшылық, кісі зорлау, ұрлық, алаяқтық, кісі тонау және бұзақылық, ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуы жақсарғаны аталып өтілді.
«Өткен жылдардағы» қылмыстық құқықбұзушылықтардың 5 мыңнан астамы ашылды, оның ішінде 15 кісі өлтіру, 40 денсаулыққа ауыр зиян келтіру, 30 кісі зорлау, 200-ден астам кісі тонау, 30 қарақшылық, 3,6 мың ұрлық, 900 алаяқтық және 200 бұзақылық", - деді Қ. Қасымов.
Сонымен қатар, министрдің мәліметінше, тергеу мен соттан жасырынып жүрген 1,5 мыңнан астам қылмыскер ұсталған.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау үшін құрылған жергілікті полиция қызметі жұмыс істеуде, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет көрсету және т.б. ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру бойынша жұмыс одан әрі жалғастырылуда", - деп қосты ол.
Бұдан бөлек, министр Қоғамдық кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап берді. Жалпы, Ішкі істер органдары министрінің есеп беруі мақұлданды, Қоғамдық кеңес мүшелері Министрлік қызметінің тиімділігін жақсарту бойынша ұсыным берді.