Өскемен
ясно
+7°
  • Өскемен
    +7°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +7°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +7°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +4°
  • Қостанай
    +3°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +2°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +9°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +10°
$
446.78
484
¥
61.77
4.84
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Өскемен қаласында өткен гандбол ойындары өз мәресіне жетті

3-8 маусымда гандбол спорты бойынша әйелдер арасындағы супер және жоғарғы лига командаларының қатысуымен ҚР XXV чемпионатының 5-кезеңі өтті

Республикалық деңгейде өткізілген сайысқа жоғарғы лигадан 11 команда, супер лига құрамынан 6 команда қатысты.

Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Қостанай, Қызылорда қалаларынан келіп қатысқан спортшылар тартысты ойын көрсете білді.

- Аймағымызда гандбол спорты күн санап дамып келеді. Қаламызда өтіп отырған республикалық чемпионатта жеңіске жеткен әрбір команданы құттықтап, алдағы ойындарда сәттілік тілеймін, - деді «Алтай» спорт клубының директоры Асхат Ақылбеков.

Қазылар алқасының шешімі бойынша гандбол ойындарының супер лига командасынан «Іле» командасы (Алматы облысы) І орынға «Қайсар-КАМ-КГУ» командасы (Қызылорда қаласы) ІІ орынға және «Алматы» командасы (Алматы қаласы) ІІІ орынға ие болды. Мықты қарсыластарға тап болған жерлестеріміз, яғни, «Алтай» командасы IV орынды қанағат тұтты.

Жоғарғы лига командаларына жүргізілген қорытынды бойынша келесі командалар жүлделі орынға ие болды: «Казыгурт» командасы (Шымкент қаласы) 1-ші, «Алтай» командасы (ШҚО) 2-ші, «Север» командасы (Павлодар қаласы) 3-ші орын.


Следующая →