Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

ШҚО-да елден кеткендер саны көп...

Қазақстан Республикасы деңгейінде облыстық халық саны жөнінен Шығыс өңірі 4-ші орында. Яғни, санақ бойынша 1 миллион 395 мың 324 адамды құрайды

Бұл әрине ресми ақпарат. Адам өлімін, көші-қон сынды салдарды есепке алатын болсақ бұл көрсеткіш те сан құбылады. Осы тұрғыда көші-қон тақырыбына тоқталып өтпекпіз.

ШҚО бойынша Көші-қон полициясы басқармасының сайтындағы деректерге сүйенетін болсақ, 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда көші-қон алмасуы нәтижесінде облыстан 15,5 мың адам кетіп, облысқа 7,4 мың адам келген. Алысқа көз сілтеуімізге де себеп бар. Өйткені 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда ШҚО-ға келгендер саны 8,7%-ға көбейді, облыстан кеткендер саны 10,7%-ға артты.

Бұл аталғандай ескі көрсеткіш. Егер соңғы жылдармен салыстыратынн болсақ 2015 жылы барлығы 4636 азамат елден кетуге өтініш жазған, оның ішінде басым бөлігі Ресей Федерациясына - 4402 азамат және Алманияға 164 азамат.

- 2016 жылы барлығы 5329 азамат өтініш жазған. Оның ішінде басым бөлігі, нақты 5123 азамат Ресей Федерациясына және 151 азамат Алманияға тілек білдірген, - дейді ШҚО ІІД баспасөз-қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев. - 2017 жыл басынан 1241 азамат. Оның ішінде 945 азамат Ресей Федерациясына және 23 азамат Алманияға Қазақстан Республикасынан шетелге тұрақты мекендеуге шығуға өтініш-хатпен келген.

Қазақстан Республикасына тұрақты мекендеуге ШҚО ІІД Көші-қон қызметі бөлімшелеріне арыз бергендер де болды.

- 2015 жылы барлығы 1279 шетелдік өтініш білдірсе, оның ішінде 672 ҚХР азаматтары, 407-Ресей Федерациясы азаматтары, 40 МХР азаматтары, - дейді Бақытжан Торғаев. - 2016 жылы барлығы 1402 шетелдік өтініш білдірсе, оның ішінде 963 ҚХР азаматтары, 292 Ресей Федерациясы азаматтары, 46 МХР азаматтары. Ал, 2017 жыл басынан 394 шетелдік өтініш білдірсе оның ішінде 226-ҚХР азаматтары, 123-Ресей Федерациясы азаматтары, 25 МХР азаматтары;

Сондай-ақ Көші-қон полиция қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысына қайта оралған және басқа облыстарға ТМЖ-ға кеткен азаматтардың статистикалық санағы жүргізбейді.

Әрине, ШҚО-да ана мен бала өлімінің саны өзге облыстардан ең жоғары. Бірақ, демографиялық өсім көрсеткішіне елден кеткендер санының ықпалы бары түсінікті.


Аягөз Қажымұратова

Следующая →