Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Алакөл демалыс орнындағы әлек аяқтала ма?

Алакөл жағасында барлығы 147 демалыс базасы орын тепкен. Олардың ішінде барлығы 19 нысан талапқа сай

64 нысанның 20-сы 10 маусымға дейін талапқа келтіріледі. Қалған 44 нысан 20-шы маусымға қарай дайын болмақ. Сонымен, бірінші шомылу маусымына 83 нысан ашылады. Қарапайым есепке жүгінетін болсақ 44,6 пайыз нысандар биылғы шомылу маусымына ашылмай қалуы мүмкін.

- Атқарылмай жатқан жұмыстардың көбі Алакөл жағасында орналасқан Қабанбай ауылының нысандарында, - дейді Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдин. - Қазір бұл нысандардың көпшілігінде көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жасалмаған.

Биыл өңір басшысы сәуір айында талаптар толық орындалмаса демалыс базалары жұмыс істемейтін болады деп ескерткен болатын. Кейін жазғы маусым бастала салысымен, облыс басшысы Даниал Ахметов дайындық кезеңін 1 шілдеге дейін созды. Алайда бұл да бүгінгі күнге дейін айтарлықтай нәтиже көрсетпеді. Сондықтан, 64 нысан аталғандай, биылғы жылы ашылмайтын көрінеді.

Нысандардың жұмысы бір бөлек. Алакөлдің ішінде билік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстардың жайы бір бөлек. Атап айтқанда Алакөлдің абаттандыру жұмыстарына 500 миллион, ал жол салу жұмыстарына бір жарым миллиард қаражат құйылды. Бұл болжам бойынша екі жыл ішінде Алакөлді танымастай етеді.

- Қазір 500 миллион сомаға электр желісін тарту, өңірді көгалдандыру жұмысына 380 ағаш отырғызылған, 9 мың шоқ гүл, жолдарға тас кеспелер орнатылған, - дейді Серік Зинабекұлы. Бұл жұмыстардың барлығы 1 шілде күні аяқталады. Алакөлдің ортасында салынып жатқан саябақ бір ай ішінде қолданысқа беріледі. Сол сияқты жол салу жұмыстары, жолдарды жарықтандыру жұмыстары жаз ортасына дейін аяқталмақ.

Айта кету керек, Достық-Қабанбай жолының жұмыстарына бір миллиард 300 миллион бөлінген. Ал 169 миллион өзге жол жөндеу жұмыстарына бағытталған.

-Денсаулыққа қауіп келтіретін бірде бір нысан биылғы жылы ашылмайды. Былтыр ашылғанымен, биылғы жылы талаптар орындалмаса жұмыс істемейтін болады. Бұл сіздерге ыңғайсыздық тудыру үшін атқарылып жатқан шаралар емес. Бұл маусым кезеңінде қатынайтын 300 мың адамның қауіпсіздігіне бағытталған, - дейді Даниал Кенжетайұлы.

Әрине, мәселе тек абаттандыру жұмыстарына тіреліп тұрмаған болар. Жаздың жомарт мінезінен қыруар қаражат табатын кәсіпкерлердің көгалдандыру жұмысына ғана шамасы жетпейді емес. Бұл жерде келетін қонақтардың жайы, жарықпен, таза сумен қамтылу сұрақтары да көтерілгені бар.

- Былтырғы жылы облыстық және аудандық прокуратурамен тексеру жұмыстары жүргізілген болатын. Осыған байланысты қандай талаптар лайық, лайық еместігіне паспорт толтырылған. Нысандарға деген талаптардың барлығы бірдей. Барлығы бақылауда - дейді облыстық прокуратура басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Бижанов. - Заңнама алғашқы тексеріс барысынан басап сақталуы керек. Яғни, жер телімінің бөлінген сәтінен басап. Сараптама көрсеткендей көптеген жер учаскелері арнайы келісімсіз берілгені тіркелген. Былтырғы жылдан бері жүргізілген тексерулер көрсеткендей 67 гектар жер телімін алған 100-ден астам учаске иелерін жерлерін толық пайдаланбаған. Қазіргі таңда 20-дан астам иелер қазір жұмыс істей бастады. Әлі жұмысын бастамаған 80 нысан қалып отыр. Яғни, егер жерді қолданбаса мемлекет еншісіне өтеді.

Мемлекет басшылығы тарапынан кіші және орта бизнеске әрқашан қолдау көрсетіледі. Барлық жағдайлар жасалады. Қаржы бөлінеді, қолдау көрсетіледі. Олардың құқықтарының бұзылмауы қадағаланады. Бірақ кәсіпкер жағынан да тәртіп те орындалуы керек. Егер аталған талаптар орындалмайтын болса, облыстық прокуратура қызметкерлері қайта тексеру жүргізетіні де ескертілді.


Айдос Мырзахметов

Следующая →