Өскемен
малооблачно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +14°
  • Тараз
    +21°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +23°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

«Жасыл марафонға» 250-ден астам өскемендік қатысты

«Ізгі істер шақырымдары» ұраны аясында Славский атындағы жағалауда Лунара Жанғалиеваны қолдау шарасы өтті

Екі жасқа да толмаған кішкентай Лунара қазір жаны үшін арпалысуда. Дүниеге есігін ашқаннан бері ол ата-анасымен бірге бала миының аурулары, бронх-өкпелік дисплазия ауруларымен күресіп жүр. Қыздың денсаулығына қажетті қаражатты жинауды Ресей Жинақтау банкінің еріктілері ұсынған.

Жалпы, «Жасыл марафонды» бұл күні өткізу Ресей Жинақтау банкінің дәстүріне айналып үлгерген. Тек банктің өскемендік филиалы бұл шараны Лунараның қорына қаражат жинаумен байланыстырды. Бұл ойды облыстық мәслихат депутаты, олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова мен «Нұр Отан» партиясының филиалы бірден қолдай кетті.

Төрт шақырымдық жүгіру жолын 250 өскемендік жүгіріп өтті. Старт пен финиште Лунара Жанғалиеваның қорына арналған арнайы жәшік орнатылды. Бұл шараға тәжірибелі спортшылар, алғаш қатысқан тұрғындар да бір жағадан бас қосып шықты.

Ең жүйрік және шыдамды деп танылғандар марапатқа ие болды. Әйелдер арасынан Ирина Троеглазова, ал ерлер арасынан Александр Мирошниченко шықты. Барлық жеңімпаздар демеушілермен марапатталды.

Қайырымдылық акциясы дәстүрлі түрде жиналған қаражатты есептеумен аяқталды. Лунара Жанғалиеваның емделуін жалғастыруға 342 мың теңге жиналды.

Айта кету керек, Жинақтау банкі әлеуметтік желіден бұл марафон туралы көпшілік жұртқа ақпарат таратқандар арасында жарыс өткізіп, бірінші келген адамға 15 мың теңге қаражаты бар банк картасын сыйға тартты.


Аягөз Қажымұратова

Следующая →