Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан

Жүргізуші куәлігін алу жеңілдеді ме, қиындады ма?

Шемонаиха және Бородулиха аудандық емтихан тіркеу-бөліністерінде тұлғалардан алғашқы рет емтихан қабылдауды және жүргізуші куәлігін беру тоқтатылды

ҚР Ішкі істер министрлігімен 2017 жылдың 1 мамырынан бастап Шемонаиха және Бородулиха аудандық емтихан тіркеу-бөліністерінде тұлғалардан алғашқы рет емтихан қабылдауды және жүргізуші куәлігін беруді тоқтату туралы шешім қабылданды.

Жалпы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша жүргізуші куәлігін тек Өскемен мен Семей қалаларынан алуы мүмкін. Шалғай аудандардағы тұрғындардың куәлік алу шарасы тек облыстың негізгі қалаларында шешілетін болады. Алайда, көрсетілген бөліністерде жүргізуші куәлігі бар азаматтарға қажетті жағдайда оларды ауыстыруға және оның дубликатын алуға болады.

- Алғашқы рет жүргізуші куәлігін алатын тұлғалардан емтиханды бейнетүсіру жүйесі мен жол қозғалысы ережелері білімі бойынша қабылдау үшін заманауи бағдарламалық қамсыздандырумен жабдықталған Өскемен және Семей қалаларындағы емтихан-тіркеу бөліністерінде қабылдайды, - дейді ШҚО ІІД ӘПБ Әкімшілік полиция қызметінің әрекетін бақылау бойынша бөлім аға инспекторы Ақгүл Атудинова. - Емтиханды арнайы тұрақты комиссия, құрамында ішкі істер органдарының басқа қызметтерлері мен қоғам өкілдерінің қатысуымен өткізеді.

Қазақстанда былтырғы жылдан бастап жүргізуші куәлігін беру эксаумақтық қағидасы енгізілгенін атап өту керек. Әр азамат тіркелген орнынан тыс аумақтың арнайы ХҚКО-да арнайы жүргізуші куәлігін алады.

Осыдан басқа, арнайы ХҚКО-да А, А1, В, В1 санатты жүргізуші куәлігін алатын азаматтар үшін автомектептерде міндетті түрде оқудың қажеттілігі жойылған. Арнайы ХҚКО-да емтихан бейнебақылаудағы автоматты автодромның қолдануымен өтеді. Емтиханды жазу нәтижесіне емтихан қабылдайтын адамның әсері тимейді.

Бұл, әрине, түсінікті, Шығыс Қазақстан облысында арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығының жоқ екенін айтпағанда, облысымызда қазіргі күнге дейін «дәстүрлі» түрде жол жүру ережелері бойынша емтиханнан өтеді. Ал арнайы ХҚКО әлі жоқ.

Қазақстандық автокөлік иелерінің уақыты мен қаражатын үнемдеу үшін 2013 жылдан бастап Астана, Алматы, Ақтау, Қарағанды, Тараз, Петропавл, Павлодар, Қызылорда, Талдықорған және Қостанай қалаларында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен арнайы ХҚКО ашылған болатын. Мұндай арнайы ХҚКО жүргізуші куәлігін алу, автомобильді тіркеу, нөмірлік белгілерді беру бойынша қызмет ұсынатын мекеме. Мұндай орталықтарда мемлекеттік нөмірлік белгілер, тіркеу туралы куәлік пен автокөліктерді тіркеу қызметін көрсетеді. Сонымен қатар, жол жүру ережелеріне теориялық және тәжірибелік емтихандарды өткізу, жүргізуші куәлігін дайындау және тапсыру сынды қызметтер ұсынады.

- Шығыс Қазақстан облысында арнайы ХҚКО жоқ. Облыс тұрғындары жүргізуші куәлігін алу, көлігін тіркеу, нөмірлік белгілер алу үшін ШҚО бойынша ІІД Жол полициясы басқармасының емтихан тіркеу бөлімдеріне жүгінеді, - дейді ШҚО бойынша ХҚКО департаменті директоры Азамат Есембұлов. - Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысында арнайы ХҚКО құрылысы бойынша шаралар жүргізілуде. Мұнымен ШҚО Қала құрылысы және сәулет, құрылыс басқармасы айналысуда. Ашылатын күні әлі белгіленген жоқ.

«Эксаумақтық» принцип бойыша жүргізуші куәлігін беру бойыншша сұрақтар қазіргі таңда ШҚО ІІД Әкімшілік полициясы басқармасына жіберілді.


Дос Сапар

Следующая →