Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Жарнама баннерлері алынып тасталмақ

ШҚО әкімі Өскемен қаласында көлік жүргізушілерге кедергі келтіретін, қаланың сәнін қашыратын жарнама баннерлерін реттеуге тапсырма берді

Аймақ басшысы Даниал Ахметов Өскемен қаласында көлік жүргізушілерге кедергі келтіретін әрі қаланың сәнін қашыратын жарнама баннерлерін реттеуге тапсырма берді. Мәселе жарнама қалқандарының дұрыс орналаспауымен байланысты.

Облыс орталығында орналасқан 300 жарнама қалқанының 34-ін басқа жаққа көшіру керек. Ал 15 жарнама бағанасының мүлдем құжаты жоқ болып шыққан.

- Тәуелсіздік көшесі жарнама билбордтарына толып кеткен. Бұлар көлік жүргізушілеріне кедергі келтіреді. Кейбірінің келбеті келіспейді, қаланың көркін бұзады. Бұл мәселені тез уақытта шешу қажет. Жарнама қалқандарын алып тастау керек немесе басқа жаққа көшіруге болады, - деді Даниал Ахметов.

Қазіргі уақытта 5 жарнама қалқаны алынып тасталған. Қалғаны алдыңғы уақытта реттелмек. Аймақ басшысы мәселені шешуге бір апта уақыт беріп отыр.


Ардақ Аманғалиева

Следующая →