Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Қазақ күресі олимпиада ойындарына кіруі мүмкін бе?

Бұл идея ШҚО Ақсуат ауданында өткен қазақ күресінің ІІІ Әлем кубогін өткізу кезінде де айтылды

Жалпы, Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы 2004-2017 жылдар аралығында қазақ күресінен алты әлем чемпионатын, 11 Азия чемпионатын, үш Әлем кубогын, екі Еуропа чемпионатын, жастар арасында Әлем чемпионатын (Иран), кадеттер арасындағы Әлем чемпионатын (Бразилия) және ОАР-да Африка біріншілігін ұйымдастырған. Ал жетінші Әлем чемионаты ЭКСПО-2017 көрмесіне байланысты Астанада өткізіледі. Қазақ күресі 2017 жылы қыркүйекте алғаш рет Түркіменстанда өтетін Азия ойындары бағдарламасына қосылған.

Сонымен қатар, қазақ күресі 2010 жылы Бүкіләлемдік күрес ұйымына (UWW) қабылданған, ал 2016 жылы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне кірген.

- Әлемде 2000-нан астам күрес түрі бар. Алайда Бүкіләлемдік күрес ұйымына саусақпен санарлық спорт түрі ғана енген. Әлемдік ұйымның ұлттық ойындардың ішінде қазақ күресін мойындап, өз қамқорлығына алуы бұл спорт түрінің бірегей, жетілген түр екендігін танытады, - дейді Бүкіләлемдік қазақ күресі федерациясының атқарушы директоры Талғат Оралханұлы.

Өз кезегінде, Күрес түрлері Халықаралық ассоциациясының президенті Гинтаутас Вилейтаның айтуынша, қазақ күресінің Олимпиада ойындарына енуге мүмкіндігі бар.

- Олимпиада ойындарына тек Бүкіләлемдік ойын бағдарламасына енген спорт түрлері ғана ене алады. Сондықтан қазақ күресін Бүкіләлемдік ойындардың (World Games) тәжірибелік түрлеріне қосуға тырысамыз. Бұған Қазақ күресі федерациясының осы күнге дейін жасаған еңбегі мен қажыр-қайраты жетеді деп сенімді айта аламын, - дейді Гинтаутас Вилейта.

Олимпиада ойындарына енген каратэ, таэквондо, джиу-джитсу тәрізді спорт түрлері де бастапқы уақытта аталмыш ойындардың санатында болған.

- Каратэ, таэквондо, джиу-джитсу спорт түрлерін де олимпиада ойындарына кіреді деп ешкім ойлаған жоқ қой. Ұсынды, кейін енді. Сол сияқты қазақ күресін де ұсынып көруіміз керек. Қазір әлемнің 46 мемлекетінде қазақ күресінің спорт үйірмелері бар, әлемнің 4 құрлығындағы 80 мемлекетте қазақ күресі федерацияларын аша алсақ, олимпиадаға кіруге мүмкіндігіміз бар, - дейді Бүкіләлемдік қазақ күресі федерациясының Вице-президенті Серік Түкиев.


Сымбат Исламбек

Следующая →