Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

2017 жылғы 1 маусымнан теміржол вокзалдарында тексеру басталады

Еліміздегі 14 теміржол вокзалдарында жолаушылар мен қол жүктерін тексеріп өткізу басталады

Тексеріп өткізу қондырғылары Астана «Нұрлы жол» теміржол вокзалы кешенінде, Көкшетау, Қарағанды, Ақтөбе, Орал, Атырау, Бейнеу, Маңғышлақ, Шымкент, Қызылорда, Семей, Тараз, Шу, Қостанай вокзалдарына орнатылады. Бұл туралы  «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ сайты хабарлайды.

«ӘТЖК» АҚ Алматы мен Астана теміржол вокзалдарына орнатылған тексеріп өткізу қондырғылары бойынша жұмыс қорытындысын шығарды.

Биылғы 1 ақпан мен 30 мамыр аралығында Алматы теміржол вокзалында жолаушылар мен вокзалға кірушілерді ішінара тексеру нәтижесінде суық және газ қаруларын алып жүрудің 75 оқиғасы анықталды. Жолаушылардың көпшілігінен пышақтар мен кастет  тәркіленді.

Биылғы жылдың 30 сәуірінде бөлімше инспекторлары бір азаматтан күміс түстес жиналмалы пышақ табылды. Қаруды алу барысында азаматтың ҚР қылмыстық кодексінің «Ұрлық» 3 бөлімінің 188 бабы бойынша іздеуде жүргендігі белгілі болды.

Астана теміржол вокзалында тексеріп өткізу қондырғысы 2017 жылғы 1 сәуірден бастап іске қосылды. Осы аралықта Астана теміржол вокзалына алып кіруге тыйым салынған заттар мен құралдардың 10 фактісі анықталды. Мәселен, 29 мамырда жолаушыны тексеру кезінде одан ұзындығы 30 сантиметрлік қанжар табылды.

Следующая →