Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда қызметін бастағысы келетін адвокаттарға жарна азайтылды

Қазіргі уақытта адвокаттық жарна Қазақстанның әр аймақтарында әртүрлі, 700 мың теңге мен 800 теңгенің арасын құрайды

Қорғаушылардың мамандыққа қолжетімділігін жеңілдету үшін Әділет министрлігі Республикалық коллегиямен бірлесіп бастапқы жарна құнын 100 АЕК-ге дейін төмендету мәселесін қарастыруда, деп хабарлайды «Қазақстан-2050» мемлекеттік бағдарлама сайты. Қазіргі таңда коллегияға ену үшін бастапқы жарна 700-ден 800 мың теңгені құрап отыр. Бұл туралы Әділет министрі Марат Бекетаев «Нотариат және адвокатура институттарын одан әрі дамыту және реформалау» тақырыбындағы Үкімет сағатында айтты. Бүгінгі таңда Қазақстан үшін қорғаушылардың тапшылығы өзекті мәселе болып отыр. Әділет министрі Марат Бекетаев айтып өткендей, орташа есеппен Қазақстанда 1 қорғаушыға 3900 азамат келеді. Бұл көрсеткіш, мәселен Италияда 260 адам, Германия мен Англияда 500 және 900 азаматты құрап отыр. «Қорғаушылардың жетіспеушілігін Жоғарғы сот та қозғап отыр. Бір судьяға 2 қорғаушыдан да келмейді. Еуропада бұл көрсеткіш орташа есеппен 3-5 аралығын құрап отыр. Қазақстанда қорғаушылар қызметі тапшылыққа ие болып отыр. Аталмыш қызметке мұқтаж адамдар қызметті қымбат бағаға сатып алады», - деді М. Бекетаев. Ведомство басшысының айтуынша, 2013 жылдан 2016 жылға дейін қорғаушылар саны 300 адамға немесе 6,5 пайызға көбейді. Министр, мамандыққа енудегі үрдістер туралы айтып өтті. «Қорғаушы болып істеу үшін, алдымен жоғарғы заңдық білім мен қорғаушылар коллегиясында 6 айдан бір жылға дейінгі тағылымдамадан өту шарт. Сондай-ақ, аттестация тапсырып, қорғаушылар коллегиясына мүше болу керек. Тағылымдама ақылы, оның құны жылына 140-280 мың теңгені құрап отыр. Қазіргі таңда коллегияға ену үшін бастапқы жарна 700-ден 800 мың теңгені құрап отыр», - деді министр. Үміткер қорғаушы статусын алу үшін бірқатар үрдістерді өтіп, орташа есеппен 1 млн теңге төлеуі керек. «Қорғаушылардың мамандыққа қолжетімділігін жеңілдету үшін Әділет министрлігі Республикалық коллегиямен бірлесіп бастапқы жарна құнын 100 АЕК-ге (226.900 теңге) дейін, тағылымдаманы 5 АЕК-ге (11345 теңге) төмендету мәселесін қарастыруда. Бұл шаралар қорғаушылардың өсуіне мүмкіндік береді, себебі төлем құны екі есеге қысқарып отыр. Бұл қорғаушылардың гонорар құнын да төмендетуге жол ашады. Бәсекелестік қорғаушылардың кәсіби деңгейін арттыруға сеп болады», - деді М.Бекетаев. Бұл шаралар заң көмегінің сапасын арттырып, халықтың қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Следующая →