Облыста түсік тастау азайып келе ме?
Облысымызда неке құрған жұптардың жыл сайын 3/1 бөлігі ажырасып кетеді екен. Ол көптеген әлеуметтік мәселелердің туындауын әкеліп соғады
ШҚО денсаулық сақтау басқармасының «Ана мен бала орталығының» осыдан 10 жыл бұрынғы мәліметтеріне сүйенсек, 2007 жылы орталыққа 60 әйел адам аборт жасатқан. Ана мен бала орталының бұрынғы басшысы Рая Рахимованың сөзіне қарағанда, тастанды балалар саны жыл сайын азайып келеді.
- Соңғы 10 жылдан бері аздап болсын, тастанды балалардың саны азайып келеді. Мен алғаш «Ана мен бала орталығына» маман болып енгенде, тастанды балалардың саны 55-60 болатын болса, одан кейінгі жылдары оның саны 55, 52, 40, 42, 38, 30-ға дейін түскен. Ал 2015 жылы барлығы 29 ана өз баласын алдырып тастауға өтініш айтқан болса, 2017 жылдың алғашқы жарты жылдығында 5 ана баласын алдыру туралы өтінім толтырған.
Түсік тастауға келген әйелдердің мұндай шешім қабылдауына көптеген себептер ықпал етеді. Бас маманның айтуынша, баласын алдырып тастауға келген әйелдердің көпшілігі өзінің материалдық жағдайының нашар екендігін желеу ететін көрінеді. Дегенмен, қазіргі Қазақстан қоғамының әлеуметтік жағдайы бұрынғы жылдармен салыстырғанда жоғары екендігін ескерсек, түсік тастаудың да азаюы заңды құбылыс.
Сонымен қатар ата-аналардың рұқсат бермеуі, әйел денсаулығының босануға келмеуі және өзге де әлеуметтік жағдайлар тағдыры ауыр шешімдерге әкеліп жатады. Қазақстанда отбасы, жанұя ұғымдарының басты құндылыққа айналмауы, отбасындағы қыз мен ер бала тәрбиесінің нашар болуы әрі дұрыс жыныстық қатынас жөнінде түсініктің болмауы қоғамда кешірілмейтін осындай күнәларға әкеліп соғады. Түсік тастау туралы шешімді әйелдің өзі ғана қабылдауы, мұндай «нәзік» тақырыптарға ер адамның қатыспауы да мәселенің ушығуына себеп болып отыр.
Сондықтан отбасыны ұлттық құндылыққа айналдыру мәселесі жан-жақты шешілуі қажет. Бұған мемлекеттік деңгейде көңіл бөлініп, медициналық мекемелер де, білім беру ұйымдары да атсалысуы керек. Бүкіл қоғам болып күресуіміз тиіс.
Следующая →

Тақырыптар:
Облыста түсік тастау азайып келе ме?