Жемқорлыққа қарсы Жайдарман ойыны өткізілді
«Жемқорлыққа жол жоқ» ұранымен Өскемен қаласында осымен үшінші жыл қатарынан Жайдарман ойыны өткізілді
Аталмыш ойын ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің кубогына арналған.
Оған Өскемен, Семей қаласынан, Тарбағатай ауданы мен Аягөз ауданынан келген командалар қатысты.
- Жастарымыз күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлық оқиғаларымен жиі ұшырасып жатады. Мұның қоғамға жат құбылыс екендігін жастардың санасына әзіл арқылы жеткізуді мақсат тұтып отырмыз. Жастар әзілді, күлкіні жақсы қабылдайды. Сондықтан қалжың арқылы жеткізілген шындық жастардың қабылдауына әлдеқайда ыңғайлы болады деп ойлаймыз, - дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің бас маманы Олжас Мұсағалиев.
Департамент кубогы ойындарына Өскемен қаласынан «Голд», «Қамажай», Семей қаласынан Жайдарман жоғары лигасында ойнап жүрген «Элемент» командасы, Тарбағатай ауданынан «Тарбағатай-Лос-Анджелес», Аягөз ауданынан «Махаббат станциясы» командасы қатысты.
Командалар сайысын көруге қаламызда орналасқа жоғары оқу орындары мен колледж студенттері келіп, жанкүйер командаларына қолдау білдірді. Командалар жемқорлық мәселесіне қатысты әзіл-қалжыңдарын сахналап, жастарға күлкі, көңіл-күй сыйлады. Сайыс нәтижесінде өскемендік «Голд» командасы 3-орын, семейлік «Элемент» командасы 2-орын, ал өскемендік «Қамажай» командасы департамент кубогына ие болды.
Следующая →

Тақырыптар: