Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Облыс имамдары тегін такси науқанын биыл да өткізбек

Шығыс Қазақстан облысының имамдары биылғы Рамазан айында да «Имам-такси» науқанын өткізуді ойластырып отыр

Аталмыш науқан бойынша мешітке ораза ашуға, намаз оқуға келген жамағатты мешіт имамдары үйіне дейін жеткізіп тастайды. 

- Бұл акцияның бірнеше мақсаты бар. Науқанның атауынан да байқалып тұрғандай, көліктің рөлінде имамдар отырады. Олар көліктегі адамдардың сұрақтарына жауап береді. Тұрғындарды тегін жеткізіп қана қоймайды, уағыз да айтады. Бұл зиянды ағым өкілдеріне діни тәрбие беруге де ықпал етеді. Екіншіден, мешітке егде жастағы адамдар көп келеді. Ол кісілерге де көмек көрсету қажет, - деді Халифа Алтай атындағы облыстық мешіттің бас имамы Ермек қажы Қосболатұлы.

Құптан намазынан соң тарауих намазы оқылатындықтан, намаздың өзі түнгі сағат 12 шамасында бітеді. Бұл уақытта қалада автобустар тоқтап қалады. Науқан барысында имамдар өз көліктерімен де мешіт жамағаттарын үйіне дейін жеткізіп салады. 

Бас имамның айтуынша, биыл науқанға 100-ге жуық автокөлік жұмылдырылмақ. Ал бұл науқан былтыр Өскемен қаласы мен Зайсан қаласында ғана ұйымдастырылған, ол кезде тек облыс орталығында 15-20 автокөлік қана қатыстырылған болатын. 

Следующая →