Қазақстанда кәсіпкерлер тексерісі азая түспек
ҚР Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлерді үздіксіз тексере берудің орнына, тәртіпбұзушылықтың алдын алу және болдырмау жолдарына басымдылық бермек
Мекеме сайтында хабарланғандай, бейсенбі күні өткен кәсіпкерлікке қатысты мәселелер бойынша сарапшы топтың отырысында талқыланған. Аталмыш сарапшы топ мемлекет басшысының 1 шілдеге дейін бизнесті бақылауға атсалысу шараларын жасау туралы тапсырмасынан кейін құрылған. Оның құрамына бизнес қауымдастық өкілдері, «Атамекен» ҰКП, мемлекеттік органдар мен бас прокуратура мүшелері кірді.
Джакуповтың мәлімдеуінше, сарапшы топ барлық бақылау және қадағалау функцияларына сараптама жасаған. Соның нәтижесінде жүйелік мәселелер туындаған.
- Тәжірибе көрсеткендей, бақылаушы органдар тексеріс нәтижесінде анықталған бұзушылықтардың санын ғана береді, ал олардың алдын алу және ескерту мониторингісін жүргізбейді. Осыған орай, біз қажетті шаралар қабылдау үстіндеміз, - дейді ҚР ҰЭМ кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Асланбек Джакупов.
Следующая →
Тақырыптар:
Выборочные проверки предпринимателей в Казахстане Министерство национальной экономики Казахстана