Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

ШҚО Қылмыстық-атқару департаментінде "Ашық есік" күні өтті

ОВ-156/2 мекемесінде сотталған азаматтардың жанұясымен, туған-туыстарымен байланысты қалыптастыру мақсатында «Ашық есік күні» өтті

Мекемеге сотталғандардың 151 туған-туыстары келді. Аталмыш іс-шара аясында сотталған азаматтар концерттік бағдарлама өткізді. Концерттен кейін мекеме бастығының м.а. әділет капитаны Т.А. Амантаев әкімшілік атынан, өз атынан қонақтарға рахметін айтып, сотталғандардың  түзелу жолына түсіп, өз орталарына оралуына  жанұяның өте көп әсері барын жеткізді.

 Осы шаралардан кейін сотталған азаматтардың туған-туыстары мекеменің асханасын, спорт алаңын көріп, өз  ойларын, пікірлерін білдірді.

Жоғарыда айтылған шаралардан кейін сотталғандарға жанұясымен, туыстарымен сөйлесуге мүмкіндік берілді. Жүректеріне тыныштық, жақсы әсер алған ата-аналар, туыстар мекеме әкімшілігіне ризашылықтарын білдіріп қоштасты.

Бұндай шаралардың басты мақсаты – жазасын өтеушілердің жанұясымен байланысын нығайту, дамыту. 

Осындай іс-шараларды әр тоқсан сайын өткізуді мекме дәстүрге айналдырған.

Р.М. Сейтказинов,

ОВ 156/2 мекеме

сотталғандар арасында тәрбие жұмысы

бөлімі бастығының м.а.,

әділет аға лейтенанты


                    

Следующая →