Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Астаналық кардиохирургтер ШҚО-да 4 адамға ота жасады

Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың мамандары өңірге келіп, төрт пациентке ота жасады және 75-тен астам адамға кеңес берді

Астаналық мамандар облыстағы әріптестерімен тәжірибе алмасып қана қоймай, жүрегі ауыратын адамдарға кеңестерін беріп, облыстық мамандармен бірігіп ота жасады.

- Біз өз тәжірибемізбен бөлісуге келдік, - дейді «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ интервенионды кардиология және радиология бөлімінің басшысы Серік Әлімбаев. - Екі күн бойы шығысқазақстандық пациенттерге кеңес бердік, нәтижесінде Астанаға барып емделуге ниет білдірушілердің саны екі есе азайды. Яғни, кеңес алған адамдардың жартысына жуығы өз облысында ота жасатуға келісімін берді. Сонымен қатар ШҚО-да балалар кардиохирургия орталығы жоқ болғандықтан, облыстық Диагностикалық орталықта, Ана және бала орталығында консультация өткіздік.

Сонымен қатар, астаналық мамандар ШҚО мамандарының білікті екендігін тілге тиек етті.

- Мен кеше 16 адамға кеңес бердім. Оның 2-уі ғана Астанаға баратын болды. Қалғандары осы ауруханада ота жасатады. Аймақтың медициналық жабдықтарымен кеше 2 ота, бүгін 1 ота жасадым. Сіздерге бір мысал келтірейін. Біздің орталыққа жыл сайын 1200-1700 адамға ота жасалады. Оның 3/1 бөлігі осы аймақтан келеді. Аймақтағы ауруханалардың тексерісті дұрыс жүргізетіндігі сондай – жыл сайын көп пациенттің сырқатын бірден анықтап, бізге жіберіп отырады, - деді Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығының дәрігері Тимур Лесбеков.

Астаналық мамандардың ешқандай да медициналық жабдықтармен келмегендігі белгілі болды. Өйткені ондай заманауи жабдықтардың барлығы өлкемізде бар көрінеді.

- Біздің медициналық жабдықтарымыз Астанадағы ауруханалардан еш кем емес. Барлығы бірдей. Дегенмен, мұндай операцияларды орталықтандырылған күйде жасаған дұрыс. Ондай медициналық жабдықтардың барлығын әр аймаққа қоя берген дұрыс емес, шығыны көп болады. Одан да олардың барлығын тек аймаққа ғана жинап, пациенттерге отаны сол жерде жасаған қаржылық жағынан дұрыс, - деді облыстық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Төлеген Жігітаев.


Қымбат Слямбеков

Следующая →