«Жолдағы балалар қауіпсіздігі» акциясы өтті
«Жолдағы балалардың қауіпсіздігі» атты кең көлемді акциясын өткізу мақсатында 2017 жылдың 15 мамырында аталған шара жүзеге асырылды
Балалармен болатын жол-көлік оқиғасының алдын алу, мектептен және мектепке дейінгі қауіпсіз қозғалыс бағытын қамтамасыз ету үшін жол полициясының жас көмекшілерінің жеңімпаздарымен балалар жиі қатынайтын орындарда: ойын алаңдары, балалардың көңіл көтеретін орталықтары, балалар емханасы, белсенді демалу орындарындағы жолдарда шаралар өтті.
- Көлік жүргізушілер тарапынан да балаларды тасымалдау ережесі мен жаяу жүргіншілер өтетін орындарда балалардың өтуі кезіндегі ерекше қауіпсіздікті сақтау туралы ескертіліп, оқушылармен ескертпе парақтар таратылды, - деді Өскемен қалалық ІІБ Жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Қуаныш Иссамидунов.
Бұл шараға оқушылардың да ат салысуы, олардың басқа да балаларға үлгі болатыны анық. Ата-аналар тарапынан да балалардың жол қауіпсіздігіне аса назар аудару үшін жас көмекшілер ескертпе парақтарын авто көлік жүргізушілеріне және көшедегі жолаушыларға таратып, жолда жүру ережесіне деген жауапкершілікті нығайтты.
А. Байтұрсынов атындағы №20 мектеп оқушысы Дастан Марат жол-көлік оқиғасын болдырмау үшін әрбір бала да жол жүру ережесін қатаң сақтау керек екенін, жасы кіші балалардың үлкен адамдармен жүргенін қалайтынын айтып жеткізді.
Шараға қалалық «Полицияның жас көмекшілері» сайысының жүлдегерлері Өскемен қаласындағы А. Байтұрсынов атындағы №20 мектеп оқушыларынан құралған «Жас қанат» тобының қатысуы жол жүру ережесіне балалардың да бей-жай қарамайтынын аңғартады.
Бір айта кетерлігі, жасөспірімдердің жол жүруде қауіпсіздігі үшін маңызы ерекше бұл шараға Шығыс Қазақстан облыстық «Салауатты өмір салты» орталығының өкілдері де ат салысты.