Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Әр жүзінші сатып алушыға ЭКСПО-ға жолдама сыйлады

Бұл сенбіде Өскемен қаласына Катонқарағай ауданының өнімдері жәрмеңкеге қойылды. Ауданнан ет, сүт, қымыз, бал және панты өнімдері әкелінген

Шараға бал өндірісімен айналысатын «Нектар Катон-Карагая» мен панты дәрі-дәрмектерін шығаратын фармацевтикалық «Ақсу-Дэен» тәрізді танымал тауар белгілері де қатысты.

- Жәрмеңкеге ауданымыздың 13 ауылдық округі қатысып отыр. Бүгінгі сауда орнына 6,5 тонна ет өнімін және 4 тонна бал өнімдерін әкелдік, - деді Қатонқарағай ауданының әкімі Ахметқали Ақашұлы.

2016 жылы ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің қатысуымен 30 онаурызшы біріктірілген «Нектар Катон-Карагая» бал өндіру кооперативі құрылған екен. Жәрмеңкеге қатысып отырған аталмыш кооператив өз өнімдерін 1200 теңгеден (1 кг бал) сатып жатыр.

- Катонқарағай ауданы жәрмеңке жасап жатыр десе, бірден келемін. Өз ауданымның еті мен сүтін сатып алғым келеді. Балын жегім келеді. Етті 1300 теңгеден алдым. Әкімдік ұйымдастырып отырған концерттік бағдарламасы да ұнап отыр. Дәл бір өз ауданымда жүргендей болдым, - дейді зейнеткер, мектеп директоры қызметін атқарған Гүлнәр Сейсенқызы.

Жәрмеңкеге балалар көркемөнер үйірмесінің өнімдері әкелінген екен. Еңбек пәнінде қыз балалардың тоқыған тоқыма өнімдері мен ер балалардың жасаған ағаш өнімдері де арзан бағаға сатылып жатыр.

- Оқушыларымыз еңбек пәнінде меңгерген, жасаған туындыларын осындай жәрмеңкелер арқылы сата алады. Мектеп алдындағы учаскілерге де бау-бақша өнімдерін егіп, өсіреміз. Оны оқушылар өздері күтеді, кейін тосап, сусын, шырындар дайындайды. Оны да жәрмеңкеге әкеп отырмыз, - дейді Катонқарағай ауданы шығармашылық үйі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Нұрила Жылқайдарова.

Қазақстанда жалғыз панты өнімдерін шығаратын «Ақсу Дэен» ЖШС нарықта сұранысқа ие дәрі-дәрмектерін жәрмеңкеге әкелген. Қала тұрғындарының қызығушылығын бірден тудырды.

- Өнімдер маралдың мүйізінен, қанынан және таудан жиналған шипалы шөптерден жасалады. Марал мүйізінің шипалы екендігін білетін халық өнімдерімізге көп қызығушылық танытады, - дейді сатушы Раиса Дәулетханқызы.

Концерттік бағдарлама барысында жәрмеңкеге келген әрбір жүзінші сатып алушы "ЭКСПО-2017" көрмесіне кіру билетін ұтып алды.


Қымбат Слямбеков

Следующая →