Семейдің орталық саябағы жөнделмек
Облыс басшысының сапарынан кейін ұзақ уақыт жөндеу көрмеген Семейдің Орталық саябағы қайта қалпына келтірілетін болды
Саябақтың жаңа қалпын жобалаған құрылыс компаниясы облыс әкімінің алдында өз жобасын таныстырды. Саябақты жасыл желекке емес, халықтың жаппай жиналуына, мерекелерді атап өтуіне арналған заманауи демалыс орнына айналдыруды ойлаған құрылыс компаниясының идеясы облыс басшысының көңілінен шыға қоймады.
- Сіз саябақтың қызметін толықтай өзгерткелі отырсыз. Наурыз мерекесін, Жаңа жыл, Сабан той тәрізді мейрамдарды аумағы әлдеқайда үлкен Орталық алаңда да атап өтуге болады. Алаңнан небары екі-ақ қадам жерде тұрған саябаққа тағы да адамдарды мерекеге жинамақсыз ба?! Ал саябақтың ортасында тұрған Шәкәрімнің ескерткішін қайда жібересіздер? – деді Даниал Кенжетайұлы.
Қала басшылары ескерткішті Шәкәрім даңғылының бойына қоямыз, бізде барлық ескерткіштер даңғыл бойында орналасқан деген жауапты берді. Аймақ басшысы саябақтың ішін халықтың талабына сәйкес өзгерту қала әкімінің, қала тұрғындарының өз қалауында екендігін жеткізді.
- Дегенмен, мұның барлығы қала басшылығының, қала халқының өз құзырында. Мәселені көп созбай, мамандармен келісіп өздеріңіз шешіңіздер, - деді қала әкіміне облыс басшысы.
Саябақта орналасқан 12 жеке меншік аумақтың кейбірі жеке меншікке 49 жылға сатылып кеткен екен. Осыған байланысты аймақ басшысы саябақтағы жеке меншік аумақтарды Қазақстан Республикасындағы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңға сәйкес реттелу қажеттілігін айтты.
- Сәулетші мамандарды шақырып, саябақтың толықтай бастапқы үлгісін, дизайнын жасау қажет еді. Кейін ғана кәсіпкерлердің қолданысына беру қажет болатын. Сол себепті кәсіпкерлерден жеке меншік жерлерін Сәулет, қала құрылысы жөніндегі заңға сәйкес реттеуін талап етіңіздер, - деп өтінді аймақ басшысы.
Следующая →

Тақырыптар:
Семейдің орталық саябағы жөнделмек