Жамбыл облысындағы егіс алқабына қауіп төнуде
Күн санап көбейіп жатқан зиянкес шегірткелер қазірдің өзінде Жамбыл облысындағы 63 мың гектар ауылшаруашылық жерін жайпап үлгерген
Қазақстандық фермерлер қатты алаңдаулы, сол себепті биліктен көмек сұрап отыр.
Ауылшаруашылық иелерінің айтуынша, олардың сөзіне билік өкілдері құлақ асып отырған жоқ. Ал былтыр тендердің сатып алу уақыты созылып кеткендіктен, егіндік аумағының көп бөлігі жарамсыз болып қалған еді.
2017 жылы зиянкестер, әсіресе, Жамбыл, Талас, Байзак аудандарында анықталған. Бұл аудандарда жағдай күрделі.
Шаруалардың айтуынша, әр сегіз күн сайын шегіртке бір жасқа толады, бұл жәндіктер көбейді. Сондықтан тезірек 2-3 аптаның ішінде құрту керек.
- Біз қазір үшінші жасқа дейін жойып жіберуіміз керек. Үшінші жастан кейін 4-5 жас шегірткелер ұшып кетеді, - дейді ҚР АШМ Жамбыл облыстық мемлекеттік инспекциясының басшысы Нұрби Жігітеков.
Дегенмен, шаруалар биыл да шегірткелерді құрта алмаймыз, өйткені тендерлік сатып алу биыл да кешіктіріліп жатыр дейді.