Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Астанаға ЭКСПО-ға көмектесу үшін полициялар

Экспо-2017 көрмесін дайындау мен өткізуге көмектесу үшін Астанаға өңірлік ІІД-нің 500 қызметкері келді, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Қызметкерлер қызмет атқару тәсілдері, тексерулер жүргізу, сондай-ақ шет тілдерін оқу курстары бойынша тиісті дайындықтан өткен, олар Астана қалалық ІІД-нің қызметкерлеріне елорда аумағында құқықтық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігі қамтамасыз етуге көмектесетін болады.

Ағымдағы жылғы 11 мамырда Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Е. Тургумбаевтың қатысуымен жеке құрамның саптық байқауы өтті. Байқауда техникалар, ішкі істер органдары қызметкерлерінің сыртқы келбеті, экипировкалары да тексерілді.

Өңірден келген қосымша күштер жаңа киіммен, бейне жетондармен, кеуде белгілерімен, ағылшын және басқа да тілдердегі сөздіктермен қамтамасыз етілді.

Астананның аумағына патрульдеу жүргізу үшін қосымша патрульдік автокөліктер, қажетті техникалық құралдар жеткізілді.

Жеке құрамға қызметтік этиканы бұлжытпай орындау және Астананың тұрғындарымен қонақтарына сыпайылық таныту, мұқият қарым-қатынаста болу, заңдылықпен тәртіпті бұзу фактілеріне жол бермеу туралы баса айтылды.

ІІМ орталық аппараты қызметкерлерінің тарапынан жеке құрамның қызметін күнделікті тексеру үшін комендаттық патрульдер құрылды.
Следующая →