Алимент төлемеу жүргендерге шара күшеймек
Статистикалық мәліметтерге көз жүгіртсек, Өскемен қаласында сот шешімімен алимент төлеуге міндеттелген 7 мыңнан астам азамат өз борышын өтемей жүр
Одан бөлек жалпы сомасы 75 млн теңгені құрайтын әкімшілік айыппұл төленбеген 3 мыңға жуық қаулы орындалмаған күйде қалып отыр. Бұл жайында Өскемен қалалық прокуратурасы айтып мәлімдеп отыр.
Соған байланысты Өскемен қалалық прокуратурасында облыстық прокуратураның «Алиментті төле!», «Айыппұлды төле!» жобасын жүзеге асыруды көздеп отыр.
Акцияны ұйымдастыруға айыппұл төлеушілер мен алимент өтеушілердің көбеюі әрі аталмыш саладағы сот актілерін орындаудағы қиындықтардың орын алуы себеп болған. Әкімшілік айыппұл салынған азаматтар ұзақ уақыт бойы жауапкершіліктен жалтарып төлемей жүреді. Ал алимент төлеуші азаматтар өзінің туған баласына нәпақа төлегісі келмей, өз міндетінен қашады. Олардың көпшілігі жұмыссыз ретінде тіркеліп, алимент төлемейді.
Сондықтан жобаны жүзеге асыру барысында жұмыссыз.
борышкерлерді Өскемен қаласы жұмыспен қамту орталығына тіркеп, кейін жұмысқа орналастырып, борышын өтетуге жоспар құрылып отыр.
Өзінің табысын жасырған, жұмысқа орналасудан бас тартқан алимент пен әкімшілік айыппұл төлеушілер заң шеңберінде әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.
Следующая →

Тақырыптар: