Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Елбасы қазақстандықтарды Жеңіс мерекесімен құттықтады

ҚР Президенті Н.Назарбаев «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысып, қазақстандықтарды Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады

- Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді ұлы мерекеміз – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл соғыс адамзат тарихындағы ең қасіретті соғыс болды. Миллиондаған адамдардың өмірін қиылды. Олардың қатарында қазақстандықтар да бар еді. Алты миллион халықтың 1 миллионы соғыс аттанды. Олардың жартысы туған жеріне орала алмады, - деді Н.Назарбаев.

Арамызда жүрген, қайтыс болған ардагерлер біздің бостандығымызға жол салып берді, деді Елбасы.

- Сол себепті бүгін Отан қорғаушылар ескерткішіне гүл шоқтарын үлестіре отырып, майданда ерлік көрсетіп қаза тапқан, тылда аянбай еңбек еткен ардагерлерімізді құрметтегіміз болмақ. Соғыстың Жеңісін татпағанда тәуелсіздіктің таңы да атпас еді. Барша қазақстандықтарды атаулы мерекемен құттықтап, ардагерлерімізге зор денсаулық тілеймін! Халықтардың достығы мен бауырластығы арқасында Ұлы Жеңіске қол жеткізді. Мұны ұмытпауымыз керек. Бүгінгі таңда да біз осы ұранды ұстанып отырмыз, - деді Елбасы.

«Отан қорғаушылар» монументі салтанатында соғыс жылдарының әндері шырқалды. Мәңгілік алаудың басына Қарауыл қойылды. Салтанатқа мыңдаған ардагерлер қатысты. 

Следующая →