Қазақстандық әскери қызметкерлердің еңбекақысын көтермек
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әскери қызметкерлердің еңбекақысын 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 25%-ға арттыру туралы шешім қабылдады
- Біз азаматтарымыздың ел игілігі үшін атқарып жатқан қызметін жоғары бағалаймыз. Сондықтан да ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Қарулы күштерінің 25 жылдығына орай мен Қорғаныс министрлігінің, ҰҚК, Ұлттық гвардия әскери қызметкерлері және мемлекеттік күзет қызметінің айлығын 1 шілдеден бастап 25%-ға арттыру туралы шешім қабылдадым, - деді Елбасы сенбі күні Астанада өткен әскери қызметкерлерге генералдық шен және мемлекеттік марапаттар табыстау салтанаты барысында.
Следующая →
Тақырыптар:
Повышение окладов для военнослужащих в Казахстане Военнослужащие Казахстана Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев