Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Денсаулық саласындағы кемшіліктер жойылады

Денсаулық саласына бөлінетін қаражат еліміздегі өзге өңірлермен тең, аурулардың көрсеткіші бойынша көш алдында емес

Облыс әкімі Даниал Ахметов арнайы жұмыс тобын құрып, қаламыздағы мемлекеттік медициналық мекемелердің аудитін, яғни, бірқатар ауруханалардың жабдықталуымен, дәрігерлердің біліктілігімен танысып қайтты.

- Еліміз бойынша ақсап тұрған төрт салаға қаражатты көбірек бөлетін боламыз. Ол «Ана мен бала» орталығы, онкология, қан айналымы мен травмотология, - деп атап өтті ШҚО әкімі Даниал Ахметов. - Алдағы 3 жылда осы бағыттарды ретке келтіруіміз керек. Дәрігерлердің біліктілігін шетелдерде арттырып, құрал-жабдықтар сатып аламыз. Сонда 3 жылдан кейін бұл мәселелер болмайды.


Инсульт орталығының аты бар, заты жоқ

Өскемен қалалық №1 ауруханасындағы инсульттық орталықтың атауы дүркіреп тұрғанымен, техникалық жабдықталуы лайықты емес болып шықты. Орталық тек дәрігерлердің біліктілігімен ғана күн көріп тұрғандай, себебі, әр палата қарапайым терапевтік палата сияқты жабдықталған.

- Инсульт орталығы қағаз жүзінде болғанымен, ақиқатында инсульт орталығына қажетті бірде-бір техника жоқ. Бұл мәселені шешу керек. Дәрігерлермен кездесіп, қажетті қаражаттарды есептеп бөлу керек, - деді облыс басшысы.

Лайықты инсульт орталығында медициналық техникалар, функционалды төсектер болуы керек. Мұндай жабдықтардың тапшылығы салдарынан сапасыз диагностика, нашар күтім, дұрыс емдемеу пайда болады.


Құрылғылары ескірді

Облыстық онкология орталығы жанындағы сәулелі терапия бөлімі қажетті медициналық аппаратуралармен жабдықталғанымен олардың барлығы ескірген және заманауи талаптарға сай тексеріс жүргізуге мүмкіндіктер бермейді.

- Адами капиталды дамыту керек. Біздің дәрігерлер ағылшын тілін үйренгеннен кейін әлемнің үздік клиникаларында тәжірибелерін шыңдайтын болады. Бірақ бұл жеткіліксіз. Олардың жұмыс істеп отырған құрал-жабдықтарына назар аударайықшы. Мысалы, екі срезді компьютерлік томографтың ескіргені соншалықты ол істен шығып қалды. Мұнда емдеуге қажетті МРТ жоқ. Реанимация бөлімінде тіпті кеңестік замандағы құралдар орнатылған. Мұның барлығы көрсеткіштердің неге нашар екенін түсіндіріп тұр, - деді Даниал Ахметов.

Сәулелі терапия бөліміне қаражат жаңа медициналық құрылғылар үшін ғана емес, ғимаратты қалпына келтіру үшін де бөлінеді. Себебі 2011 жылы салынған ғимараттың іші 30 жыл бұрын салынған және жөндеу жұмыстарын көрмеген ғимаратты еске салады.


Біліктілік жетіспейді

Бала өлімі азаймай тұрған «Ана мен бала» орталығы медициналық құрылғылармен жабдықталған. Алайда медициналық ұжымның біліктілігі аздау көрінеді.

- Орталықтың жабдықталуы жақсы. Сондықтан тек қажетті деген аппараттарға тапсырыс беру керек. Бірақ заманмен бірдей адымдау үшін бұл орталықтың дәрігерлері білімдерін тереңдету керек. Неге шетелдерде 500-600 грамм болып туған бала өмір сүреді. Ал бізде ондай балалардың өмір сүруге мүмкіндіктері жоқ. Осы мәселені шешу үшін дәрігерлер алдағы үш айда ағылшын тілін үйреніп, Еуропа елдеріне біліктіліктерін арттыруға жіберіледі, - деді ШҚО әкімі Даниал Кенжетайұлы.

Шетелде біліктілігін арттырған дәрігерлер өз тәжірибесімен бөлісетін болады.

- Қазіргі уақытта «Ана мен бала» орталығы аудандағы дәрігерлердің біліктілігін арттыруға арналған курстар жүргізбейді. Өйткені олардың өз біліктіліктері лайықты емес. Оларды неге үйрету керектігін білмейді, - деп толықтырды аймақ басшысы.


Миллиардтаған қаражат қажет

ШҚО Денсаулық басқармасы облыстық, қалалық, аудандық ауруханаларда жүргізген сараптаманың нәтижесі бойынша, жұмыс істеп тұрған ескі медициналық құрылғылар 17%-ды (2142 техника), олардың 38%-ы мүлдем қолданысқа жарамсыз болса, 62%-ы жарамды екен.

- Жаңа технологиялық медициналық көмек көрсету үшін алдағы үш жылға 23 млрд теңге қаражат қажет. Өңіріміздің қаржы жағдайын ескеретін болсақ, жұмыс тобы 2017 жылға қажетті деген медициналық құрылғылардың тізімін дайындады және ол 6 млрд теңгені құрап отыр, - деп атап өтті

Заманауи медициналық техниканың тапшылығы облысымыздағы медицина саласындағы көрсеткіштердің нашарлығына әкеліп отыр. Себебі, қауіпті және алдын алуға мүмкіндігі бар аурулар уақытылы анықталмайды, емдік шаралары уақытылы жүргізілмейді. Ал мұның барлығы адам өлімінің санын арттырады.


Ақерке Рағызбаева

Следующая →