Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Ахмер ауылына екі қосалқы станция салынады

Көпқабатты үйлердің жарық мәселесі аса қатты білінбейді, себебі бұл мердігерлердің кешенді шаруасына жатады

Өскемен қаласы күн санап өсіп келеді. Жібек маталар комбинаты өңіріндегі көпқабатты үйлер ескі қаладан көтеріліп жоталарға қарай салынып жатса, батысындағы Ахмер ауылы да Семей қаласына қарай созылып барады. Әрине, қаланың қызу өмірінен бұл аса қатты байқалмайды. Бірақ қаладан шыға берісте бұл айқын білінеді.

Көпқабатты үйлердің жарық мәселесі аса қатты білінбейді, себебі бұл мердігерлердің кешенді шаруасына жатады. Ал жер үйдегі жарық сұрағы мүлдем бөлек.

Газетімізге хабарласқан Ахмер ауылының тұрғыны сол өңірді көп жылдардан бері мекен етеді.

- Ахмер ауылына келгенімізге он жылдан асты. Үй тұрғызғаннан кейін, жарық тарттыру сұрағы кез келген нысанның алғышарты болып табылмақ, - дейді Досжан Тоқтаров. - Бірақ, алғашқы жарық тартқызған күннен бастап, ол бірқалыпты болмады. Яғни, қарапайым шамның өзі бір мезет қалыпты жанып тұрса, біраз уақыттан кейін көмескіленіп, алайып жанады. Әрине, өткен он жыл ішінде Ахмер ауылында талай үйлер салынды. Сондықтан әрқашан құрылыс жүргізіп жатқандар дәнекерлеу құралдарымен жұмыс істеуде деген ой келетін. Бірақ, құрылыс жұмыстары үйіміздің маңайынан алшақтап кеткелі қай заман. Сондықтан, трансформаторлардың жұмысы қалыпты емес деген ойға тіреді.

Ауыл тұрғынының айтуынша бұл қазір үйреншікті жайт болып кеткен. Дегенмен, шалғай жатқан, өндірістік өңірден алыс өлкеде аталмыш мәселе қалыпты көрінер еді. Бірақ, инфрақұрылымы жетілген қала төңірегінде мұндай сұрақ әдеттегі жайттардың бірі емес екені анық.

- Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласындағы ГЭС-і мен ЖЭО-да өндірілетін электр қуаты қаланың электр қажеттілігін толық мөлшерде өтейді, - дейді Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының міндетін атқарушы Алмат Арсламбаев. - Электр қуаты толық және бірқалыпты жеткізілуде. Бірақ осыған қарамастан қазіргі уақытта Ахмер ауылы маңында көптеген жеке меншік үйлер салынып және Өскемен қаласының аумағы, яғни, шекарасы жылдан жылға үлкейіп, шағын тұрғын үй аудандары пайда болып жатыр. Әрине, ерте кезде салынған және бұл өсімге ойластырылмаған подстанциялар мен электр желілеріне түсетін ауыртпашылық артуда. Осыған орай бүгінгі таңда Ахмер ауылын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында «Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясы» 2 жаңа қосалқы станция салу үшін құрылыс жобасын дайындап жатыр.

Шынымен, қазір №22, 23 шағын тұрғын үй аудандарының ауқымы күн санап өсуде. Жыл сайын көптеген қала тұрғындары, аудандардан келген ауыл тұрғындары жаз шыға салысымен құрылыс жұмыстарын бастайды. Халық ішінде құрылыс жұмыстарын жүргізу стихиялық сарынға түскен. Жыл сайын Ахмер ауылындағы қосалқы станцияларға мұнымен қысым жоғарылай бермек.

- Құрылыс жобасы «Ахмирово ҚС 110/10-10 кВ» деп аталады, - дейді Алмат Арсламбеков. - № 11 қосалқы станциясынан «Ахмирово» қосалқы станциясына дейін 110 кВ - ӘЖ, «Ахмирово» ҚС-дан «Орталық» ҚС дейін 110 кВ - ӘЖ құрылыс жобасы бойынша жұмыстар жүргізіледі. № 11 қосалқы станциясынан «Ахмирово» қосалқы станциясына дейін 110 кВ - ӘЖ құрылысы, «Ахмирово» ҚС-нан «Орталық» ҚС-на дейін 110 кВ - ӘЖ құрылысы жүргізіледі.

Екінші құрылыс жобасы Өскемен СЭС-нан 110 кВ ӘЖ «Орталық» ҚС-на дейін құрылыс жобасы бойынша жұмыстар жүргізіледі

Құрылыс жұмыстарының белсенді бөлігі №22, 23 шағын аудандарында жүріп жатқандықтан қосалқы станцияларға қысым өзге өңірлерде түспеген. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына Өскемен қаласының басқа аудандарында аталмыш жағдайлар кездеспеген. Тұрғындардан ешкандай шағым түспеген.


Дос Сапар

Следующая →