Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +12°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +17°
  • Петропавловск
    +11°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +18°
$
443.72
+0.28
482.28
+1.77
¥
61.35
-0.01
4.9
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

Новгород облысында қазақстандық батыр Төлеген Тоқтаровтың есімі мәңгі есте қалдырылды

Ресейдегі Новгород облысының Старая Русса қаласында қазақ солдаты, Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаровтың ескерткіші ашылды

Қола мүсін Еуразиял тобының (ERG) «Батырлар жолымен – Дорогой славы» халықаралық патриоттық жобасы аясында қойылды, деп хабарлайды ERG баспасөз қызметі.

Ескерткіштің салтанатты ашылуымен Павлодарлық «Майдан жолы» зерттеу іздестіру тобы жоба аясында ағымдағы жылдың жоспарлы жұмыстарын аяқтады.

Іздестіру экспедициясының Новгородоблысына жолы аңызға айналған И. В. Панфиловтың 316 атқыштар дивизиясы, кейін 8-ші гвардиялық дивизия болып өзгертілген батырлар ерлігін зерттеудің жалғасы ретінде анықталған.

Старая Русса қаласы 1942 жылы 7 қаңтар мен 20 мамыр аралығында жүрген Демян басқыншы операциясының бірінші бекеті болған. И.В. Панфилов атындағы 8 гвардия дивизиясының жауынгерлері жау соққысын бірінші болып қарсы алған.

Өмірінің құнымен фашистердің басқыншылығына қарсы тұрғандардың ішінде қазақ солдаты – Төлеген Тоқтаров та болған. Калинин фронтының 3-ші соққы армиясындағы генерал-майор И.В. Панфилов атындағы 8-ші атқыштар дивизиясының 23-ші атқыштар гвардиясының полкіндегі автоматшы 1942 жылдың 5 ақпанында Новгород облыстық Нагатонко ауылы үшін айқаста ауылға бірінші болып кіріп, автоматпен жеті фашисті қырып, екеуін тұтқынға алған.
1942 жылдың 7 ақпанында Бородино ауылы үшін айқаста үйлердің біріне кіріп, бес жау сарбазын құртқан. Т. Тоқтаров 1942 жылы 10 ақпанда болған айқаста батырлық жолында қаза тапты. Батыл гвардиялық Новгород облыстық Старорусский ауданындағы Бракловицы ауылында жерленді. 1943 жылы қызыл әскерінің жауынгері Т. Тоқтаров өлгеннен кейін Кеңес Одағының Батыры дәреже берілді.
Следующая →