Астаналықтардың жұмыс кестесі ауысуы мүмкін
Астанада қарбалас уақытта көлік кептелісін болдырмас үшін тұрғындардың жұмыс кестесін ауыстыру жоспарланып отыр
ҚР Парламенті сенатында өткен үкіметтік сағат барысында депутаттардың бірі Мәңгілік ел даңғылы, Қонаев, Достық көщелеріндегі кептелістердің мәселесін шешу керектігін көтерді, деп хабарлайды TengriNews.
- Біз қазір сараптама жүргізіп жатырмыз және алдағы 2-3 аптада барлық санаттағы тұрғындарға арналған жұмыс кестесін құрамыз. Яғни, бүкіл қала бірлей сағат 8-9-да жұмысқа шығып кептеліс пайда болмас үшін жұмыс уақытын ауыстыруға тырысамыз, - деді қала әкімінің орынбасары Сергей Хорошун.
Астаналықтардың жұмыс кестесі нақты қалай өзгеретіні туралы ақпарат әлі жоқ.
Следующая →