Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +4°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Облыс әкімі Семей қаласын автобуспен аралады

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Семей қаласы автобустарының күйімен танысып, бірқатар сын-ескертпелер білдірді

Соңғы аялдамалардың біріне келе салысымен өңір басшысы жүргізушілер тарапынан нақтылықтың, қала басшылығы жағынан бақылаудың жоқтығын көрді. 

- Автобустардың жүретін уақыттары қайда. Жарайды, нөмірлері мен қанша уақыт тоқтайтыны жазылған. Бірақ, бұл жерге қоғамдық көліктің нешеде келетінін кім біледі? - деді Даниал Ахметов қала басшылығына сұрақ қойып. - Автобустардың сыртқы келбетіне де, техникалық бақылауына да талап жоқ.

Облыс әкімі аялдамаға тоқтаған бірнеше автобустардың сыртқы тазалығын, жүргізушілердің құжаттарына дейін қарап шықты. Осыдан кейін қоғамдық көліктің біріне отырып, Семей қаласының біраз жерін аралады. 

Өңір басшысы қала басшылығымен болған жиналыс барысында лауазымды адамдардың ішінде кімнің қоғамдық көлікпен жүріп көргенін сұрады. Үнсіз жауапты ескере отырып, мәселенің төркінін қалаға бөлінген қаражат айналасында бастады. 

- Семей қаласының бюджеті 2014 жылы 21 миллиард болды. Жыл соңында 23 миллиардқа жеткіздік, - деді Даниал Кенжетайұлы. - Бүгін бұл қаражат көлемі 31 миллиард 776 миллион. Өткен жұмада бұған 35 миллион қосылды. Тікелей бюджет 32 миллиардты құрады делік. Осыған республикалық бюджеттен, «Даму» қорынан, СПК-нің бюджетін қоссақ 49,8 миллиард шығады. Абаттандыру жұмысының өзіне 1 миллиард 700 миллионға жетті. Жол жөндеу жұмысына 2 миллиард 144 миллон бөлінді. Бұл қаражаттың барлығын іске асыру керек.

Облыс басшысы, қоғамдық көліктің ішінен газ түтігінің шығып тұрғанын айтып, халық таңдаулыларына бірқатар талаптар қойды. 
-  Автобустың жүретін уақыты жүргізушінің қағазында жазылған. Бірақ оны жолаушылар көрмейді, - дейді Даниал Ахметов. - Мен отырған қоғамдық көліктің ішінен газ түтігі өтеді. Ертең жолаушылардың уланып қалуы да ғажап емес.

Даниал Кенжетайұлы тарифтің өсуі мүмкін екенін айтты. Алайда, бұл үшін халыққа көрсетілетін қызмет сапасының жоғары болуы керектігін ескертті.    
Следующая →