Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Жүргізуші куәлігін алу қиындай ма?

Соңғы кезде әлеуметтік желіде «жүргізуші куәлігін сатып алдым» деп мақтанып жазушылар тәртіп сақшыларының назарына іліккені белгілі

Осыған орай елімізде алғаш жүргізуші куәлігін алушыларға қойылатын талап күшейтілмек.

Мұндай ақпарат ҚР ІІМ ӘПК facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазылды. Яғни, алғаш рет жүргізуші куәлігіне тапсырып отырғандардың экзамендері тек арнайы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, қала және аудан орталықтарының емтиханды тіркеу пункттерінде ғана жүргізіледі.

- Бұл пункттер бақылау камералары және жол жүру ережелерінің заманауи емтихан қабылдау бағдарламаларымен жабдықталған болады. Сонымен қатар емтихан құрамына ІІБ қызметінің мамандары, қоғамдық ұйым өкілдері кіретін арнайы комиссия мүшелері қабылдайтын болады, - делінген ҚР ІІМ ӘПК ақпаратында.

Министрлік тарапынан жүргізілген тексеру нәтижесінде жемқорлықтың алдын алу үшін еліміздегі 25 арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында, қала және аудан орталықтарының емтиханды тіркеу пункттерінде алғаш жүргізуші куәлігіне емтихан қабылдау және куәліктерді беру тоқтатылды. ШҚО-да бұл Бородулиха және Шемонаиха аудандарындағы аудандық емтихан қабылдау пункттері.

Облысымызда биыл алғаш рет жүргізуші куәлігін алғандардың саны өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға артып отыр.

- 2017 жылдың бірінші тоқсанында Шығыс Қазақстан облысында бірінші рет жүргізуші куәлігін алғандардың саны 3628 құрады. Өткен жылдың ағымдағы кезеңімен салыстырғанда жүргізуші куәлігін алғандардың саны 20%-ға артты, - деді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев.

Сонымен қатар, Бақытжан Торғаев жүргізуші куәліктерін сатып алу жағдайы жалған жүргізуші куәліктерін дайындаумен байланысты екенін атап өтті.

- Жүргізуші куәлігін сатып алу фактісі, жалған жүргізуші куәлігін дайындаумен тура байланысты болуы мүмкін. ШҚО Ішкі істер департаменті тіркеу-емтихан жұмысы бөлімдерінде жүргізуші куәліктердің берлуі тек қана оқу ұйымдарын бітіріп және көлік құралын басқару құқығына байланысты емтихан тапсырғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Шығыс Қазақстан облысында жалған жүргізуші куәліктерін беру фактісі тіркелген жоқ, - деп атап өтті Бақытжан Құмарбекұлы.

Жүргізуші куәлігін алуға үміткер болған тұлға, міндетті түрде Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің интернет желісіндегі арнайы оқу сайты арқылы тексеріледі. Оқу ұйымдарының кәсіби бірлестіктерінің өкілдері ішкі қадағалау шеңберінде автомектептерде курсанттардың сабаққа қатысуын тексеруді жүзеге асырады.

Амир Қилымбеков

Следующая →