Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Семей әуежайы ескі техникамен жөнделуде

Ұшу-қону жолағының жөндеу жұмысына екі шетел компаниясы атсалысуда. Қаңтар-сәуір айы аралығында «Терезе» ЖШС компаниясы дайындау жұмыстарын жүргізген

Кезекті мамыр-тамыз аралығындағы жұмыс «Серб» компаниясына тиесілі. Ең соңғы болып германиялық компания қорытынды жұмыстарды атқарады.

- Қазір біздің компания бірінші деңгейлі халықаралық әуежайдың жөндеу жұмыстарымен айналысуда. Жұмысқа бөлінген қаражат көлемі 10 миллиард 120 миллионды құрайды, - дейді «Элхон» құрылыстық-өндіріс компаниясының директоры Ұлықбек Тумашинов. - Құрылыс жұмыстары екі жылға жалғасуы керек. Бірақ, өңір басшысы Даниал Ахметов қойған талаптарға байланысты биылғы жылы ұшу-қону жолағын, жарықтық-белгі беру жұмысын аяқтауымыз керек. Ал келесі жылы өтетін Семей қаласының 300 жылдық мерейтойына дейін негізгі жұмыстарды бітіреміз.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Тек тексеру жұмыстары нәтижесінде анықталған техникалық жұмылдыру сапасына көңілі толмады. Нақтырақ айтар болсақ, «Серб» компаниясы әкелген бетон қалау техникасы 1995 жылғы болып шыққан.

- 1995 жылғы бетон қалау техникасын басқа жерге апарыңдар. Бәлкім, қолданыстан шыққан техникаларды әкелген шығарсыздар? - деді Даниал Ахметов компания өкіліне. - Ескі техника бетон сұйықтығын сапалы құймайды. Тіпті сіздердің жұмыстарыңыздың сапалы еместігін кепілді түрде айта аламын. Қазір Германияда техниканың моральді ескілігіне байланысты сызып тастау жүйесі бар. Одан кейін құрылғы ол елде қолданыстан мүлдем шығады. Тек осыдан кейін олар бізге жетеді.

Серб компаниясы өкілдігінің бас инженері Сергей Федоров техникалардың жақсы жұмыс істейтіні туралы деректерді жеткізгенімен өңір басшысы еш жауапты қабыл алмады. Даниал Кенжетайұлы жарықтық-белгі беру құрылғыларын орнататын екінші компанияны да тексеру керектігін ескертті. Сонымен қатар, мұндай қателіктерге жол берілмеу керек екенін нақтылап айтты.


Айдос Мырзахметов

Следующая →