Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Жезқазғандық шенеуніктер сынақ мерзімінде өздеріне 270 мың теңге сыйлықақы тағайындап алған

Жезқазған қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімінің басшысы Хамзат Жаналин қызметкерлерінің қателіктерін түсіндіріп берді

Шенеуніктің ақталуына қарамастан Этика жөніндегі Кеңес мүшелері оларды жазалау керек деп шешті.

Айыпталып отырған шенеунік өткен жылдың қазан айынан бастап 3 айлық сынақ мерзіміне алынған. Ал 2016 жылдың 9 желтоқсанында Жаналин өзіне 270 мың теңге сомасында сыйлықақы тағайындап алған. Алайда Үкіметтің қаулысы бойынша сынақ мерзіміндегі қызметкерге ешқандай да сыйлықақы қаржы берілмеу керек болатын.

- Мен өз кінәмді мойныма алмаймын. Ол кезде сыйлықақы беру туралы шешімді арнайы комиссия шығарған еді. Мен тек комиссия мүшелері толтырып берген хаттаманы ғана толтырып, қол қойдым. Ал біздің бухгалтер мен кадр бөлімінің қызметкерлері аураханада болатын. Ал менің қоластымдағы мамандар сыйақыны байқамай менің есепшотыма аударып жіберіпті. Алайда мен ол соманы қайтадан қайтарып берген болатынмын. Маған шағым түсіріп отырған Анисия есімді әжеміз еді. Өйткені мен оны қызметке келген кезімде жұмыстан шығарған болатынмын. Әжейдің өз есебі бар. Қазіргі уақытта мен Анисияға ғайбат сөйлегені үшін шағым беремін, - деп ақталды Хамзат Жаналин.

Следующая →