Жыл басынан бері Қазақстанда 12 электрлі көлік сатылған
Электрлі көлік Қазақстанда аса сұранысқа ие емес, тансық дүние болып отыр
Алайда биылғы жылы Қазақстанда 12 электрлі көлік сатып алынған, былтыр тек 4 көлік қана сатылған еді.
- 12 электрлі көлік сатып алынған, оның 7-і Алматы қаласында, 5-і Астана қаласында, - делінген «Қазақстан-2050» сайтында.
Айта кетейік, 2016 жылдың 2 қыркүйегінен бастап 2017 жылдың тамыз айы аралығында Қазақстан, Ресей және Белорусь елдеріне енгізілген электрлі қозғалтқыш орнатылған көліктерге ешқандай баж салығы төленбейді.
Сонымен қатар, Қазақстанға енгізілген электрлі көліктер көлік салығынан да босатылған.
Дегенмен, аталмыш жеңілдіктер электрлі көліктердің сатылымын арттыруға көмектесіп отырған жоқ.
Қазақстанда осыған дейін де қозғалтқышы электр тоғымыен жұмыс жұмыс жасайтын автокөліктер жасалған. Алғашқы қазақстандық электрлі көлік 2014 жылдың аяғында «Азия Авто» зауыты шығарған KIA Soul EV автокөлігі болатын. Ал 2016 жылдың шілде айында қостанайлық «СарыарқаАвтопром» конвейерінде қытай электрлі автокөлігі JAC құрастырылып шығарылған болатын.
Следующая →