Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Алматыда старт-ап конкурстары өтеді

27-ші сәуір күні Алматы қаласындағы «Тұран» университетінде стартап жобалардың көктемгі сайысы өтеді

ҚР Даму және инвестиция министрлігі хабарлап отырғандай, іс-шара стартап жобаларға қолдау көрсетуге бағытталған 3 байқауды біріктіреді: «Microsoft Imagine Cup», «Startup Day» және «TG Cup».
Іс-шараны ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен Almaty Tech Garden ұйымдастырып отыр. Microsoft Kazakhstan және «Тұран» университеті шараның әріптестері болып табылады.
«Imagine Cup» – Microsoft компаниясы ұйымдастыратын, студенттер арасындағы технологиялық байқаулардың жобасы. Байқау Microsoft компаниясының технологиялық шешімдерінің негізінде жүзеге асырылған жобаларды қолдау мақсатымен бүкіл әлемнің ең дарынды студенттерін біріктестіреді. Ұлттық финалдың жеңімпазы өз жобасын Киев қаласында өтетін регионалдық финалда таныстырады;
«TG Cup» – нарықтағы жетекші компаниялардың, ұлттық компаниялардың, үздік технологиялық кәсіпорындардың, халықаралық жане басқа да ұйымдардың технологиялық мәселерін шешуге мүмкіндік беретін хакатон. Соның ішінде, «Қазпочта» АҚ, IBM, DAR Ecosystem, ТОО «Современные инновационные технологии» және т.б. компаниялардың мәселелері ұсынылады;
«Startup Day» - жер қойнауын қолданушылардың технологиялық мәселелерін шешуге бағытталған инновациялық жобалар байқауы. Аталмыш жобаның аясында, қатысушылар, ұсынылған мәселелерден басқа, өз стартаптарын да ұсынады.

Іс-шараның аясында үздік салалық сарапшылардың мастер-класстары өтеді:
Майкрософт компаниясының стратегиялық технолгиялары бойынша сарапшы Левон Оганисян - «Стартап жобаңызды дамытуға арналған Майкрософт компаниясының бұлттық технологиялары»;
«Первое кредитное бюро» бас директоры Руслан Омаров - «Финновациялар. Цифрлық Қазақстан»;
Starttime.kz краудфандинг платформасының жобалық директоры Әзиза Өтегенова - «Әлемдегі краудфандинг, Қазақстандағы краудфандинг»;
Almaty Tech Garden бизнесті дамыту бойынша менеджері Артем Оразымбетов - «Стартап жобалар үшін «Инновациялық технологиялар паркі» Арнайы экономикалық аймағының мүмкіндіктері мен жеңілдіктері».

Мекенжайы: Алматы қ-сы, «Тұран» университеті, Қ.Сәтбаев к-сі 16-18, 18а (Желтоқсан көш. қиылысы)
Уақыты: 27 сәуір, 10:00 – 16:00
Следующая →