Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка Live

Назарбаев пәтерге кезекте қалай тұрғаны туралы айтып берді

Жооспардан тыс кездесу барысында Мемлекет басшысы Астана тұрғындарымен және қонақтарымен вокзал төңірегіндегі алаңда кездесті

Ақорда сайты хабарлағандай, Нұрсұлтан Назарбаев «Сарыарқа» өңірінің тұрғындарымен әңгімелесіп сәттілік пен бақыт тіледі және қалалық коммуналдық қызмет жұмыстарына олардың пікірін білді.

Жас маман болып жүрген кезімде пәтерге кезекте 10 жыл тұрдым. Қазір уақыт басқа. Күш салмай ештеңеге жете алмайсың. Жетістікке жету үшін қол үзбей жұмыс істесең, еңбегіңнің жемісін көресің, - деді Қазақстан президенті «Сарыарқа» тұрғын үй кешенінің тұрғындарына.

Нұрсұлтан Назарбаев қысқы кезеңнен кейінгі қаланың жақсы жағдайы туралы айтып, қалалық қызмет жұмыстарының нәтижесін бағалай келе, астананың тазалық жұмысы мен абаттандыру жұмысын жалғастыру керек екенін айтты.

Мемлекет басшысы автомобиль жолдарының лық толып тұрғанына, тоқтау орындарының жетіспеушілігіне назар аударды.

Жолдағы көлік саны өте көп. Қала жетекшілігіне бұл сұрақтың шешімін ойластыру керек. Қажет болған жағдайда шетелдік тәжірибені зерттесін. Сонымен қатар кейбір мекемелердің, сауда үйлерінің және дүкендердің әріптестерімен бірге өз шекараларын тәртіпке келтіргені керек, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев «ЭКСПО-2017» көрмесінде уақытында дауындалудың маңызын ескертіп, қала тұрғындарын көгалдандыру жұмысына белесенді араласуға шақырды.
Следующая →