Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстандықтар украиндық оқу орындарындағы тегін грантқа ие бола алады

Украина Үкіметі Қазақстан Республикасының азаматтарына жоғары оқу орындарында білім үшін 40 тегін орын ұсынуда

2010 жылғы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Украина Білім және ғылым министрлігі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес украин тарапы Қазақстан Республикасы азаматтарының Украинаның жоғары оқу орындарында техникалық, экономикалық және гуманитарлық мамандықтар бойынша оқуы үшін 40 орынды ұсынды, олардың ішінде:

30 орын бакалавриат бағдарламалары бойынша, оның ішінде шығу тегі украин азаматтар үшін;
10 орын магистратура бағдарламалары бойынша, оның ішінде шығу тегі украин Қазақстан азаматтары үшін.

Шетелдік азаматтарды Украинаның жоғары оқу орындарында Украинаның мемлекеттік бюджеті есебінен оқыту украин тілінді жүзеге асырылады. Оқыту тілін меңгермеген үміткерлер дайындық курстарға алыну мүмкін.

Келісімге сәйкес:
тегін оқу
жоғары оқу орны жатақханасы
оқушылар стипендиясы (шамамен 9000 теңге) қарастырылған.

Үміткерлерді іріктеудің негізгі өлшемшарты:
білім туралы құжаттың орташа балы: «бакалавриат» бағдарламасы бойынша оқуға үміткерлер үшін– орта білім туралы аттестат балы кемінде 5,0-ден 4,5; «магистратура» бағдарламасы бойынша оқуға үміткерлер үшін – бакалавр/маман дипломы балы кемінде 5,0-ден 4,10 немесе4.0-ден 3.0 GPA. Үміткер оқуын бітірмеген жағдайда, ағымдағы үлгерімнің орташа балы жоғарыда көрсетілген баллдарға сәйкесінше сай болуы керек.

Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі – 2017 жылғы 1 мамыр.
Следующая →