Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Семей әуежайын жөндеуге келген Сербиялық мердігер «сараңдық» танытқан

ШҚО әкімі Даниал Ахметов шетелдік компанияның алдамақ болғандығын әрі өз жұмысына немқұрайлы қарағандығын айтты

Семей әуежайының ұшып-қону жолағын күрделі жөндеуден өткізуге екі шетелдік компания шақырылған болатын: оның бірі – Германиядан болса, екіншісі – Сербия елінен келген. Сербиялық компания бетон төсеуге 1995 жылы шыққан ескі неміс жабдығын әкелген. Алайда бетон төсегіш құралдың ескі екендігін байқаған облыс әкімі дереу оны жаңалауды тапсырды.

- 1995 жылы шыққан құрал-жабдық сапалы жұмыс жасай алмайды. Мен оған кепілдік беремін. Бүгінгі таңда әлемнің көптеген мемлекеттерінде, оның ішінде Германия да бар, мерзімі өткен техникалар бірден есептен шығарылады да, оны пайдалануға рұқсат бермейді, өзге мемлекеттерге сатып жібереді. Міне, мынау техника да соның санатынан, - деді Даниал Ахметов.

Алайда Сербия компаниясының бас инженері Сергей Федоров бұл техниканың толықтай жұмысқа қабілетті екендігін айтуда.
- Техника ойдағыдай жұмыс жасап тұр. Лаборатория мен комиссия шешімдерінің барлығы оңды. Осы күнге дейін ешқандай жағымсыз нәрсе бола қойған жоқ, - деді Сергей Федеров.

Алайда бұл мәлімдемеге сенбеген облыс әкімі Сербия компаниясынан оны алмастыруды тапсырды. Сонымен қатар облыс әкімі жұмыс жасап жатқан екінші компанияның да құрал-жабдықтарына қарауды тапсырды. 
Следующая →