Алматылық әуежайда террористік әрекетке қарсу оқу-жаттығуы жүріп жатыр
Алматы қаласының терроризмге қарсы штабы жоспарлы террористік әрекетке қарсы оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуде
Оқу-жаттығу жұмыстары Астана қаласында өтетін халықаралық ЭКСПО көрмесіне дайындық аясында өткізілуде.
Оқу-жаттығудың мақсаты – транспорттық инфрақұрылым нысандарында террористік қауіп пайда болған кездегі әрекеттерді ретке келтіру.
Оқу жаттығу тапсырмаларына сәйкес әуе көлігінде орын алған террористік акттің алдын алып, іздеу шараларын жүргізіп, жарылғыш затты өшіру, тұтқында отырған жолаушыларды босату кіреді.
Экспо-2017 халықаралық көрмесі Астана қаласында 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өткізіледі. Ал Алматы қаласы 1,7 млн адаммен Қазақстандағы ең ірі қала болып табылады.