Ішімдік бір дерт, салынып ішкен қасіретті дерт
«Араққа салынып кетіпті» деген әңгіме кімнің болсын ортасында кездесетін жайт. Бірі әкесін, бірі күйеуін жетектеп ауруханаға апарып «кодтап» тастайды
Ал бұл расымен көмектесе ме?
Медицина мамандарының пікірі «кодтаумен» шектелгеннен адам басыбайлылықтан арылмайды дегенге саяды. Ұзақ жылдап құныққан әдетті әп-сәтте ысырып тастау, шынымен ғажайыптардың бірі болар еді. Сондықтан оған салынған уақыт пен арылатын уақыттың айырмашылығы тепе-тең келеді.
Жалпы бұл үрдіс қалай жүреді? Бірінші, амбулаторлық-емханалық көмек. Яғни, динамикалық бақылау, тексеру, қажет болған жағдайда рецедивке қарсы, симтоматикалық қодтау терапиясы жүреді.
Екіншіден, стационарлық көмек. Шұғыл және жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу. Сонымен қатар, стационардың орнын алмастыратын көмек.
Жалпы, Шығыс Қазақстан облысында наркологиялық жүйесінің құрылымымен наркологиялық емдеу ұсынылады. Өскемен қаласындағы облыстық наркологиялық диспансерінде 40 төсектік орны бар жіті алкогольдік психоз бөлімшесі және 20 төсектік орны бар ПБЗ тәуелділерді дәрі-дәрмекпен түзету және оңалту орталығы бар. ОНД-де барлығы 60 төсектік орын бар. Ал Семей қаласындағы қалалық наркологиялық диспансерде 60 төсектік орны бар наркологиялық науқастарды ерікті түрде жоспарлы емдеуге арналған бөлімше орналасқан.
- Жалпы, белгілі бір мәселелерді шешіп, жауапкершілік жүгін арқалап жүрген азаматтарға «кодтау» әдісі олардың ішімдік ішу мәселесінде еш көмек көрсетпейді, - дейді Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерлан Әділов. - Ішімдікті қойғаннан кейін оларға қалпына келу, оңалту мерзімі қажет болады. Сол кезден бастап өмірлеріне көз жүгіртіп, алдына қойған мақсаттарын саралап, психологиялық және жүйкелік күшті алып тастауды үйреніп, отбасылық қарым-қатынастарын талқылаулары қажет.
Оңалту мен емдеу нәтижесі терең және сенімді болуы үшін біріншіден, патологиялық тәуелділік себептерін жою керек. Маскүнемдік - бұл адам өмірінің барлық қырларын қозғайтын аса өзекті мәселе. Негізгі міндет - ол өзін-өзі бақылауды қалпына келтіру, тұлғалық санасын қалыпқа келтіру болып табылады.
- 2017 жылға арналған кепілдендірілген медициналық көмек сыртындағы ақылы қызметтер прейскуранты төртке бөлінеді, - дейді Ерлан Әділов. - Бұлардың әрқайсысы 6 айдан 5 жылға дейін созылады. Ұзақ мерзімді әсер етуші препараттың ең төменгі тиімділігі алты айға дейін созылады. Оның құны 5500 теңгені құрайды. Бұл препараттың бес жылдық қажеттілігі 12 мың теңгені құрайды. Сол сияқты, терең әсер ету, «Радотер», эмоционалды-стрестік сугестотерапия әдістері қолданылады. Олардың қолдану мерзіміне қарай бағасы әртүрлі келеді.
Ішімдікті қолдануға тыйым салуды бұзған жағдайда адамның мінезінің, жүйкесінің дереу өзгеруіне әкеп соғады. Тіпті кейде адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Кодтаудан кейінгі 50 грамм мөлшердегі ішімдік қабылдаудың өзі адам өліміне әкеп соғуы мүмкін.
Дос Сапар