Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Шарабы бір тиын, шатағы мың тиын

Биылғы жылы бірқатар денсаулыққа зиянды өнімдер қымбатшылық көрмек. Оның ішінде, әсіресе, арақ-шарап пен темекі бағасының өсімі байқалды

Үкімет алкоголь өніміне төменгі бөлшек саудадағы бағаны жоғарлатуды қарастыратын қаулы жоспарлаған болатын. Құжат бойынша 2017 жылы арақ-шарап өнімдерінің саудадағы ең төменгі бағасы бір литріне 1700 теңгені құрайды. Ал жуықта 4 сәуірден бастап ең арзан темекі құны 300 теңгені құрайтыны туралы айтылды. Әрине, бұл қадамдардың барлығы зиянды әдеттерден жергілікті мекенді ада ету үшін жасалып жатқан бастамалар. Оның  оң нәтижелер көрсетіп жатқаны да айқын. 

 - Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 123-бабына сәйкес, мемлекет Қазақстан Республикасының этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасына сәйкес арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ өнімдеріне ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілейтінін атап өтеміз, - дейді ҚР Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің ШҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Людмила Устьянцева. - Сол сияқты ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 124-бабының ережелеріне сай темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасына сәйкес фильтрлі темекілерге ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілейді.
Бірақ, бағаның қымбаттауының нарыққа әсер ететін жолдары болуы мүмкін. Әсіресе, қара нарықтың пайда болу мүмкіндігі тағы бар. Осы тұрғыда  арақ-шараптан улану статистикасына ден қойған жөн.

- 2016 жылы 2379 адам ішімдіктен уланған, - дейді ШҚО денсаулық сақтау департаменті басшысының міндетін атқарушы Ерлан Әділов. - Ал 2015 жылы 3090 адам уланған. Ішімдіктен уланудың мұнша көп мөлшері ішімдікті бақылаусыз қолдану себебінен және қолданылатын ішімдіктің төмен сапасынан, суррогаттық ішімдік кесірінен де болады. Ішімдіктен уланғандардың ішінде - 1802 еркек, 5-еуі  балалар. 

Ішімдіктен зардап шеккендер саны жыл көрсеткішімен төмендеп келе жатса да, сапасыз өнімдердің бүгінгі таңда жоқ емес екендігінің дәлелі. Әрине, бүгінгі таңда ішімдікке басыбайлық та дерт болып табылады. Сондықтан, араққа салынған адамның арақ сапасына мән беруі екіталай. Бірақ таза спирт пен жасанды арақтың айырмашылығы жер мен көктей екенін денсаулық сақтау мамандары ескертеді. 

- Арақтың құрамында ми жасушаларына уытты әсер ететін этиль спирті бар. Ол жиналады да, бас миы қыртысының бұзылуына әкеп соғады. Бұл денсаулыққа аса зиян. Жасанды арақ-шарап өнімдерін дайындауда барлық спирттер арасындағы ең уақытты қосынды «метанол» қолданылуы мүмкін. Ол этил спиртіне қарағанда адам ағзасында баяу қышқылданады, ал тотығуы барысында әртүрлі улы заттар пайда болады, - дейді Ерлан Русланұлы. - Метил спирті жіңішке ішек пен асқазанға тез сіңеді. Барлық метанолдар алкогольдегидрогенез ферменті арқылы бауырда зат алмасады, соның кесірінен формальдегид пен аса уытты құмырсқа қышқылы пайда болады. Метанолдың метаболиті бүйрекпен шығарылады, ал кішкене бөлігі өзгермеген күйінде өкпе арқылы шығады. Сонымен бірге метанол жүйке және жүрек тамырларына әсер ететін күшті у болып табылады.

Айта кету керек, жасанды арақ шарап өнімдерінің құрамында көп мөлшерде «сивуш майы» болады. Бұл майдың құрамына 40-тан аса зат кіреді. 
Следующая →