Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Дін мәселесі қазір тек Таяу Шығыс өңірін емес, бүкіл әлемде өзекті болып отыр

Мәселені мойындағанның өзі, оның жарты шешімін тапқанмен тең. Бұл тақырып бойынша Аягөз ауданының әкімі бірқатар сұрақтармен бөлісті

- Иә, Аягөз ауданында діни ахуалдарға байланысты мәселелер бар. Жасыратын ештеңе жоқ, қазіргі қоғаммен бірқатар жұмыстар атқарудамыз, - дейді Бақытжан Байахметов. - Негізінде, адасып жүрген қандастарымыз 2000 және 2010 жылдар аралығында осы бағытқа бет бұра бастаған. Қазіргі жасалған сараптамаларға сүйенсек, олардың 70 пайызының тиісті білімдері жоқ. 30 пайызымен тереңдетілген жұмыс жүргізу қажет. Қазіргі таңда кең ауқымды әлеуметтік паспорт жасалған және тиісті қоғам қайраткерлерін, ақсақалдары мен белсенділерін осы мәселеге орай тартудамыз.

 Аудан әкімі олардың әрқайсысымен тікелей жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы мәлімдеді. Ауданға жақсы теологтар да шақырылып тұрады.

- Шақырылған адамның өзі де бұл дүниелерге жай қарамауы керек. Жыл көлемінде ол мәселені таниды, біледі, қорытынды шығарады, - дейді аудан әкімі Бақытжан Какенқажыұлы.  - Олардың кімі қайсы екенін анықтап, нақты шешім қабылдау қиын. Тиісті органдар бар, олар да жұмыс істеуде. Жалпы саны болса да, олардың 70-80 пайызы тек бет бұрғандар екені анық.

Бүгінгі таңда ауданға Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарынан теолог мамандар шақырылады. Қарағандыдан келген мамандар екі-үш айда бір келіп, бес күн жұмыс істеп кететін көрінеді. 

Аудан басшысы, қазіргі таңда барлық сұрақтар бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады. Діннің өте нәзік тақырып екенін айта келе, «көпке топырақ шашуға болмайтынын» да ескертті. Сонымен қатар, мәселенің негізгі шығу түбірін де анықтады. 

-  Аягөз ауданы тоғыз жолдың торабында орналасқаны белгілі. Бұл кезінде жан-жақтан келген миссионерлер жұмысының нәтижесі де болар, - дейді аудан әкімі. - Қазір ол миссионерлер де қатаң бақылауда. Олардың әрекеттері де назарымызда.

Аудан әкімі қазіргі қоғамның бұл сұраққа деген өз пікірі қалыптасып келе жатқанын жеткізді. 
Следующая →