Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Бастаушы болса, қостаушы табылады

Жуықта «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жетекшілік құрамы «Дублер күнін» өткізді

Басқарма төрағасы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында бұл күні кеңесші болса, орынбасарлары мамандандырылған ХҚКО-да автокөліктерді қайта тіркеу құжаттарын қабылдап, жылжымайтын мүліктің техникалық жағдайын бақылап көрді. Әрине, Шығыс Қазақстан облысы да бұл күні шетте қалмады. - Биыл «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құрылғанына бір жыл болды, - дейді ШҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ - «ХҚКО» департаментінің директоры Азамат Есембұлов. - Бүгін жұмысшыларымызбен бірге алдыңғы шепте қызмет көрсету керек деген шешім қабылдадық. Барлық директорлар мен олардың орынбасарлары бірнеше сағатқа қызметтік міндеттерін ауыстырып, «алаңға» жұмысқа шықты. Бұл халықпен кері байланыс орнатып, клиенттеріміздің сұраныстары туралы ақпарат алуға септігін тигізеді. «Дублер күні» бүкіл Қазақстан көлемінде барлық ХҚК орталықтарында өтті. Бұл ретте департамент директоры алған әсері мен халықтың пікірі туралы қызықты деректер айтып өтті. - Келушілерге кеңесіңді айта бастағанда, бірден өне бойыңды шолып өтеді, - дейді Азамат Есембұлов. - Біреулер күлімдеп қарайды, енді бірі «сіз шынымен директорсыз ба?» деп тікелей сұрақ қояды. Расымен, кейбірінің көзінде «мұнда не істеп отырсың?» деген сұрақ та тұрады. Суретке түсіріп жататындар да бар. Азамат Есембұловтың айтуынша, көпшіліктің алдында бұл көңілді әсер қалдырады. «Осылай көбірек қызмет көрсетіп жүрсеңіздер» деген тілектер де айтылатын көрінеді.
Следующая →