Өскемен әуежайы жазда өзгереді
Өскемен әуежайы барлық халықаралық стандарттарға сай етіп өзгертілуде. Жаз мезгілінің ортасында әуежайдағы ұшып келу терминалының құрылысы аяқталады

Фото:
редакция мұрағатынан
Ғимараттың құрылыс жұмыстары өткен жылы басталды. Мердігерлер құрылыс жұмыстарына отандық өндірушілердің материалдары қолданып отыр екен.
- Әуежай халықаралық талаптарға сай болады. Жобада бөлмелердің орналасуы, жүктердің берілуі, барлығы қарастырылған, - деді өскемендік «Промтехмонтаж» басқармасы директорының орынбасары Болатбек Сақалбаев.
Әуежай құрылысының жұмысымен танысқан аймақ басшысы Даниал Ахметов ғимараттың сыртындағы тамбурға баса назар аударуды ұсынды.
- Қазіргі уақытта әуежай қызметкерлері жолаушылардың жүгін қолмен шығарып, биркаларын тексереді. Бұл өткен ғасырдың әдісі. Енді барлығы заманға сай жөнделеді, - деді Даниал Ахметов.
Орнатылған терминалдар сағатына 200 адамды өткізу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар, жаңашыл әуежайдың іске қосылуы ұшу рейстерінің жиілігін арттырады және жаңа әуетасымалдаушыларды қосады.
Следующая →