Жәрмеңкелердегі жалған бағалар анықталды
Глубокое ауданының жәрмеңкесінде ұсынылған баға мен саудаланған баға екі түрлі болып шықты
Өткен демалыста Глубокое ауданының ұйымдастырылған ауылшаруашылық жәрмеңкесіне облыс басшысы Даниал Ахметов қатысып, бірқатар олқылықтарды да анықтады. Яғни, еттің бағасы 1300 теңгеден деп көрсетілгенімен тұрғындарға еттің келісі 1500-1800 теңгеден сатылған екен.
- Глубокое ауданының әкіміне және оның орынбасарына қатаң сөгіс жарияладым. Егер мұндай әрекеттер қайталанатын болса, онда олар лауазымдарынан босатылады. Сонымен қатар, мен өзімнің орынбасарым Дүйсенғазы Мусинді де лайықты жауапкершілікке тартатын боламын. Ал өзге қала және аудан әкімдері мұндай жәрмеңкелерге өздері қатысып, бағалардың жоғарлауына жол бермеуі керек, - деді Даниал Ахметов.
Аймақ басшысы әкімдер мұндай жәрмеңкеге жай ғана қатысып қоймай, Семей және Өскемен қаласынан алып-сатуға жол бермеу керек, қалалық саудагерлерді шақырмай, ауданнан сатушыларды әкелу қажет екенін айтты. Егер ауылшаруашылық жәрмеңкелерде алып-сатарлар анықталса, әкімдер мен алып-сатарлар қатар жазаланатын болады.
Сондай-ақ, Даниал Ахметов алдағы жәрмеңкелерге қоғамдық кеңес мүшелері, депутаттар қатысып, бағаларды бағамдауды талап етті.
Следующая →

Тақырыптар: