Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Электр энергиясының тарифі өсе ме?

«Шығысэнерготрейд» ЖШС Өскемен және Семей қалаларындағы электр энергиясы үшін тарифті 3,9%-ға өсіруді сұрап отыр

2017 жылдың 29 наурызында «Шығысэнерготрейд» ЖШС ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің ШҚО бойынша департаменті 1 мамырдан бастап электрмен жабдықтау қызметіне орташа босату тарифінің 3,9 пайызға (11,106 теңге/кВТсағ) көтеру тралы хабарламасын жолдады. 

Осыған орай, 11 және 12 сәуір күндері Өскемен және Семей қалаларында тарифтің көтерілуіне байланысты қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылды. 

- Тарифтің өсуі компанияның шығындарын өтеу үшін қажет. Яғни, электрэнергиясын тұтынушыға дейін жеткізу, компьютерлік техниканы сатып алу, компания қызметкерлерінің жалақысын көтерумен, банктегі несиелеріне байланысты, - деп атап өтті «Шығысэнерготрейд» ЖШС бас директорының орынбасары Мстислав Мартемьянов.

Қоғамдық тыңдауға жиналған тұрғындардың барлығы өздерінің наразылықтарын көрсетті. Себебі «Шығысэнерготрейд» ЖШС электрэнергиясын өндіруші мен тұтынушы арасындағы делдал бола тұра қарызға батып отыр. Олардың қарыздарын халық тарифті көтеру арқылы өтеуге қарсы. 

- Біз «Шығысэнерготрейд» ЖШС ұсынып отырған ақпараттың барлық қаражаттарын, құжаттарын толығымен тексереміз. Сатып алып отырған жаңа компьютерлік құралдарын, қызметкерлердің жалақылары тиындарына дейін санаймыз, - деді  Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің ШҚО бойынша департамент басшысы Қайрат Оразбаев.

Дегенмен, компания банкроттыққа ұшырамас үшін тариф 3,9%-ға болмаса да, көтерілуі мүмкін. Нақты шешімді Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің ШҚО бойынша департаменті 27 сәуір күні қабылдауы тиіс. 

Следующая →